Кен өндірудің келешегі қандай болуы керек?

Таяуда Астанада Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз республикаларында минералды шикізат ресурстарын дамыту және геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу мәселелерін талқылаған МАЙНЕКС форумы өтті. Жиында аталған саладағы барлық түйткілдердің мән-жайы шетелдік сарапшылар, геолог ғалымдар мен саясаткерлер тарапынан жан-жақты сараланды.

Егемен Қазақстан
27.04.2018 23542
2

Қазба байлық өндіру қарқынды жүргізілуі қоршаған ортаға, адам өміріне ешқандай зиян келтірмеуге тиіс. Осы ретте арнайы әлемдік стандарт бекітіліп, қауіпсіздік мәселесін жаһандық деңгейде реттеуді жүйелеу қолға алынған. Бұл туралы жиын барысында ERK Consulting (UK) Ltd. сарапшысы Джейн Джоуин толығырақ әңгімеледі. Оның айтуынша, стандарт бойынша кен орнын қазуға ниетті кәсіпорынға рұқсат қағазын алу қазір күрделеніп кеткен. Әсіресе АҚШ пен Еуропада арнайы зеттеу жүргізіліп, тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденсе ғана рұқсат беріледі екен. Оның өзінде бұл процесс 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Оған қоса инвестор құйған ақшаның жартысы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, зерттеу жүргізуге кетеді. Ал Қазақстанда аталған құжатқа қол жеткізу небары 2 жылдың ішінде жүзеге асады, кәсіпорын зерттеу жұмыстарына аса шығындала қоймайды. Осыдан барып түрлі түйткілді мәселелер туындайды, ең күрделісі жауапкершіліктің кімнің мойынына жүктелетіндігі белгісіз күйде қалады. 

Форумда сөз алған «Республикалық кен өндіру және кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец келер жылы елімізде жаңа Экологиялық кодекс әзірленетінін айтты. 

– Осы орайда реформалауда маңызды рөл ойнайтын бірнеше мәселелерді атап өткім келеді. Біріншіден, Экологиялық кодекс кәсіпорындарға тек айыппұл салып қана қоймай, оларды қалдықтар көлемін азайтуға, ластануларды төмендетуге ынталандыруы керек. Біздің пікірімізше, бүгінгі күні экологиялық төлемдерді қолдану экологиялық жағдайды жақсартып, қалдықтар көлемін азайтуға бағытталмаған. Осыған байланысты, қауымдастық ретінде біз салынатын айыппұл сомасына кәсіпорындар өз бетінше экологиялық іс-шаралар қабылдауын қарастыратын нормалар енгізуді ұсынамыз. Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды бағалау механизмі аса маңызды. Бұл ретте де экологиялық заңнама қаншалықты тиімді қызметтер атқаратыны жайлы сөз болып отыр. Қазіргі таңда құзырлы органның экологтары кабинеттерінен шықпай-ақ залал көлемін есептеп, компанияларға айыппұл сала алады. Бұл ең тиімді әдіс емес екенін айтқымыз келеді,– деді Н.Радостовец.

Парламент Мәжілісі Экология мә­се­лелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Галина Бай­маханова қоғамдық институттар мен олар­дың ұстанымдарын күшейтудің, сондай-ақ сындарлы диалогтар құру арқылы оңтайлы шешімдер қабыл­дауға қолдау көрсетудің аса маңызды екенін жеткізді. 

– Барлығымыз үшін жер қойнауы­н­дағы қазба байлықтарының ұзақ мер­зімге жеткені, орнымен пай­да­ла­нылғаны маңызды. Сол себепті алдымен халықаралық тәжірибемен са­лыстыру арқылы геологиялық ақ­па­рат жинау жүйесін қалыптастыру жә­не оның жариялы, ашық болуын қамтамасыз ету керек. Бұған қоса кодекске және оның қолданылуы бойын­ша әр бабына сауатты түсініктеме бе­ретін заңгерлер тобын құру қажет. Заң­наманы кәсіби заңгерлердің тү­сін­діруі аса маңызды. Сонымен қатар ко­декс барлығына түсінікті болатындай терминологиялық сөздік дайындап, оны ағылшын тіліне аударуды қолға алу керек, – дейді ол.

Еліміздегі геология саласында бас-аяғы жүйеленбеген мәселелер мұ­ны­мен бітпейді. Г. Баймаханова мем­лекеттің қолдауымен 2009 жылы «Қаз­гео­логия» АҚ құрылғанын, аталған қау­ымдастық геология саласына, мем­лекеттік деңгейде алға қойылған мін­деттерді шешуге келгенде осалдық та­ныт­қанын сынға алды. Оның айтуынша, өткен жылы жекешелендіруге берілген «Қазгеологияға» еліміздегі минералды ресурстарды толығымен қамтитын ақпараттық жүйе орнату, әлеуеті халықаралық аккредитациядан өтуге жететін зертхана салу үшін мемлекеттен қыруар қаржы бөлінген болатын. Ақша аударылғанымен бұл аталғандардың ешқайсысы іске аспаған.

Саяси тұрақтылық – инвестор үшін басты талап

Жиында сөз алған GPW саяси тәу­е­келдер бөлімінің жетекшісі Ливия Пад­­жи жаһандық геосаяси ахуалдың кен өндірісіне ықпалы жайында баян­дама жасады. Goldman Sachs зерт­те­уінің қорытындысын негізге алған ол әлемде кен өндірісі саласына қа­тыс­ты шешімдердің 70 пайызы жер ас­тын­дағы қазба байлықтарға байланыс­ты емес, керісінше жер бетінде орын алып жатқан саяси ахуалмен сабақ­та­сатынын айтты. Оның айтуынша, ин­вес­тиция салуға қызығушылық та­ныт­қандардың 54 пайызы сайлау өтуі, халықтың наразылық білдіруі, сая­си-экономикалық тұрақсыздық сын­ды жағдайларға баса мән береді. Кез келген инвестор үшін әуелі жа­һан­дық геосаяси жағдай, саяси аре­на­дағы соңғы өзгерістер, реттеу жүйе­сі мен ақпараттың ашықтығы аса ма­ңыз­ды болмақ. Әлемдік ауқымдағы сая­си келіссөздердің нәтижесіз бо­луы, қақтығыстардың қарқын алуы, бос­­қындар санының күрт артуы өз ке­зегінде кен өндірісіне деген қызы­ғу­шылықтың төмендеуіне тікелей болмаса да жанама әсер етіп отыр. 

– Кен өндірісі мемлекеттің саяси жүйесімен етене байланысып жатқан сала. Шетелдік инвестор инвестиция салар алдында елдің ішкі саяси ахуалына, тұрақтылығына баса мән береді. Егер жағдай кері кетіп, сауда нарығында күтпеген ахуал орын алса ше? Ондай оқиғаларды жоққа шы­ғара алмаймыз. Мысалы, Ресейге са­лынған санкцияның салдарынан «Русал» алюминий зауыты құрдымға ке­тудің аз-ақ алдында тұр. Бұл жағдай сауда нарығындағы ойыншыларды бейжай қалдырмайтыны анық,– деді Л. Паджи. Сарапшының пайымдау­лар­ынан бұған дейінгі дәуірлерде де сая­си қысымның салдарынан сауда нарығындағы алпауыттардың есі екі­ге, түсі төртке бөлініп барып, қайта қатарға қосылғандығын байқайсың. 
Инвестициялар және даму ми­нис­трінің орынбасары Тимур Тоқ­та­­баев Ресеймен жұмыс істейтін ком­­­паниялардың жұмысын әр­тарап­тан­дыру үшін мемлекеттік қол­дау керектігін айтқан-ды. АҚШ-тың санкциясына іліккен ресейлік «Русал» компаниясына отандық ERG жылына 1 млн тонна алюминий шикізатын экспорттайды екен. Бұл келіссөз 18 жылға жасалған. Ал­да осы мерзімнің әлі үш жылы барын ескерсек, аталған мерзім ішінде ши­­­кі­затты экспорттайтын жаңа ба­ғыт­­тар қажеттігі туындап отыр. Бұл түйткілді мәселенің шешімі − отан­дық компаниялардың өз қызметі мен бағытын әртараптандырып, Ре­сей­ден басқа да нарықтар табу. Т.Тоқ­та­баевтың айтуынша, келісімдер жыл соңында жасалғандықтан оны бұ­зып, басқа нарықтарға өнім сату мүм­кін емес. Сондықтан тығырыққа ті­ре­лген «Русалға» экспортталатын кө­лем бой­ынша көмектесу жолдары қа­рас­тырылмақ. 

Құнды қағазға құлшыныс аз

Біздің елде кен өндірісі саласына қаржы құю арқылы пайда табуға болады. Қазақстан қор биржасының акцияларын әлемнің кез келген валютасында сатуға, я болмаса сатып алуға мүмкіндік туғанын айтқан «Қазақстан қор биржасы» АҚ (КАSЕ) бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов нарықта 120 акция айналымда екенін еске салды. Оның айтуынша, акциялардың капитал нарығы 18,5 трлн теңгені құрайды. Өткен жылы жалпы құнды қағаздарға жасалған келісімнің сомасы 105,1 трлн теңгеге теңелген. Бірақ құнды қа­ғаз­дар саудасымен айналысып, табыс табатындардың қатары өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Ол үшін көпшілікке қаржылық сау­аттылық жетіспейді. Қазақстанда құн­ды қағаздар саудасымен айналы­са­­тындардың үлесі 1 пайызға да жет­пейді екен, АҚШ-та бұл көрсеткіш 15 пайызды, Жапонияда 39 пайызды құрайды. 
– Өз еліміздің ішінен инвестиция салатындар табыла ма деген сұрақ жиі қойылады. Иә, олардың қарасы қалың бол­маса да, бар деп айта аламыз. Біз­дегі екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге салынған қаражат 8 трлн теңгені құрайды. Бәрімізге мәлім, банктердегі жағдай үнемі тұрақты бола бермейді. Ал еліміздегі кен өн­ді­рісіндегі ірі компаниялардың Қазақ­с­тан қор биржасындағы акция­лары 3 трлн теңгені құрайды. Бұл бар­лық құнды қағаздың 5,35 пайызы осы салаға бағытталғанын көрсетеді. Өткен жылы Қазақстанның түкпір-түк­пірін араладық, кәсіпкерлермен кез­дестік. Менің түсінгенім, кәсіп­керлердің басым көпшілігі акцияның не екенінен хабарсыз. Тіпті биржа нарығын қалталылардың ғана сауаты жететін клуб санайтындары да бар екен. Бұл ойдан арылу керек деп ойлаймын. Шын мәнінде аталған сауда нарығында кімнің бағы мен бабы келісетінін уақыт қана көрсетеді. Біздегі шағын және орта кәсіпорындар іс бастау үшін банктерден кепілдік арқылы несие алуға уақыт жоғалтады. Сайып келгенде одан көретін пайдасы да шаш-етектен деп айтуға келмес. Ал биржа алаңында жағдай әлдеқайда же­ңіл, ұтымды шарттарға келісім жа­сауға болады. Кен саласындағы отан­дық ірілі-ұсақты компанияларға се­нім білдірген, қызығушылық таныт­­қан инвесторлар үшін екі жаққа пайдалы жобалар жасауға мүмкіндік мол. Аталған са­ланың ісі өрге басқан уақыт 2013-2014 және 2016 жылдар еді. Қазір бұл көр­сеткіш әлдеқайда төмендеп кетті,– деді Қ. Тұрмағамбетов.

Лондон қор биржасы Бейжің офи­сінің бас өкілі, Джон Эдвардс Ло­ндон қор биржасында кен өндірісі бой­ын­ша 173 компания жұмыс істей­ті­н­ін айт­ты. Оның 53-і тұтас зерттеу ала­ңын қамтитын, кен орындарын игеру бе­кі­тілген жүйе арқылы іс­ке аса­тын, ин­весторларға нақты ұсы­ныс­тары бар ірі кәсіпорындар екен. 

Қазақ жерінің қойнауы толған қаз­ба байлық екенін төрткүл дүние жақ­сы біледі. Оны игеруге ниет­тілердің де қарасы қалың. Елбасы қазақтың қазы­насы өз игілігіне жұмсалуы ке­рек­тігін жиі айтады. Ол үшін геология са­ласының ой-қыры, қия-қалтарысын шолып, санда бар, санатта жоқ жос-
парларды, тиімсіз жобаларды шектеу қажеттігі туындап отыр. Шетелдік тәжірбие мен заман талабы аталған салада да жаңашылдықтың керектігін ұқтырады. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Әлеуметтік желінің жастар психологиясына әсері (видео)

23.10.2018

Өскемендегі көрмеде құнды фотосуреттер ұсынылды

23.10.2018

Жапония мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық диалог

23.10.2018

Қызылорда ауруханасы тегін қызметке ақы алып келген

23.10.2018

Астанада жолаушылар автобусы оқушыны қағып кетті

23.10.2018

«Егеменді» отыз жыл оқыған оқырман

23.10.2018

Рудныйда Орал Мұхамеджановқа ескерткіш тақта ілінді

23.10.2018

Атырауда халықаралық күй фестивалі өтіп жатыр

23.10.2018

Қостанайда «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты конференция өтті

23.10.2018

Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

23.10.2018

Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдеріне жеке инвестицияларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды

23.10.2018

Асқар Мамин Ереванда өткен «Еуразия апталығы» халықаралық форумына қатысты

23.10.2018

Лондонда Елбасының ағылшын тіліндегі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсауы кесілді

23.10.2018

Алматыда деректі фильмдер фестивалі өтті

23.10.2018

Үкіметте көлік пен логистиканы цифрландыру мәселесі қаралды

23.10.2018

«Алтай» әлем чемпионатына қатысады

23.10.2018

Петропавлда қонақ үй және мейрамхана кешені тұрғызылды

23.10.2018

Роналду "Олд Траффордқа" оралды

23.10.2018

«Барыс» Минскінің «Динамосын» ұтты

23.10.2018

«Брексит» келісімі 95%-ке дайын

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу