Әлем • 27 Сәуір, 2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары тарихи саммит нәтижесінде бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.  

Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Құжатта Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея 1953 жылдан бері жалғасып келе жатқан араздықты жойып, бейбіт қарым-қатынас орнататыны туралы айтылған. Тұрақты бейбітшілік жүйесін орнату үшін алдымен Қытай мен АҚШ қатысатын үшжақты немесе төртжақты саммит өткізу жоспарланып отыр. 

Декларацияда сондай-ақ КХДР мен Оңтүстік Корея бейбіт түрде бірігіп, дамуға талпынатыны айтылған. Екі жақ тарап та бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімді толықтай орындауға дайын екендіктерін білдірді. Ал екі мемлекет арасындағы жағдай жақсара бастағанда Сеул мен Пхеньян қаруландыруды азайтуды бастамақ. 

Сондай-ақ Пхеньян мен Сеул Корей түбегінің толық денуклеаризациясы туралы келісті. Сонымен қатар осы мәселе бойынша халықаралық қауымдастықпен белсенді әрекет етуге әзір екендіктерін айтты. Саммит қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин толық дунекреаризация процесінің басталғанын хабарлады. "Бұл тарихи кездесу болды. Енді Корей түбегінде соғыс болмайды. Бүгін Корей түбегінің толық денуклеаризациясы басталды", деді Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. Ал Ким Чен Ын өз сөзінде екі Кореяның бірігетініне үміттенетінін айтты. "Мен болашақта Оңтүстік пен Солтүстіктің бірігетініне сенемін. Біз - бір халықпыз. Біздің қанымыз бір. Біз бөлек жүрмеуіміз керек", деді ол.