Саясат • 03 Мамыр, 2018

Құқық  қорғау саласында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар келісімге қол қойылды

1122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесіп, тараптар құқық  қорғау саласындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Құқық  қорғау саласында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар келісімге қол қойылды

 «Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктес елдер, соның ішінде қыл­мыс­тылыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде», деді Қ.Қожамжаров.

Өз тарапынан А.Бастрыкин екіжақты ынтымақтастықтың тарихи ерекшелігін атап өтті. «Тергеу комитетінің 11 жыл­дық қызметінде арамызда нақты қа­рым-қатынасты орнаттық. Олар негіз­гі тәжірибелік тергеу бағытында жүргі­зі­леді», деді ол.

Қазақстанның Бас прокуратурасы соңғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұл­ғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады.

112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Қазақстаннан Ресейге 242 азамат қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақ­стан Республикасының Бас про­кура­турасы және Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынты­мақ­тас­тық туралы Келісімге, сонымен қа­тар «Байқоңыр» кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі Келісімге қол қойды. 

Тараптар бірінші Келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті.

«Байқоңыр» кешені аумағына қа­тыс­ты ынтымақтастық туралы Келісім азаматтардың құқықтары мен бостан­ды­қтарын қорғауды қамтамасыз етуде, қыл­мыстық істер бойынша алдын ала тергеп-тексеруді жүргізуде Қазақстан-Ре­сей серіктестігін одан әрі нығайта тү­седі.

«Сапар барысында жасалған Келі­сімдер біздің ынтымақтастығымызға жа­ңа серпін беріп, бүгінгі күннің қауіп-қа­теріне төтеп беруде күшімізді артты­рады», деп өз сөзін қорытындылады Қазақ­станның Бас прокуроры.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар