Спорт • 03 Мамыр, 2018

Джошуаның қарсыласы жақында белгілі болады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық боксшы Энтони Джошуа мен Деонтей Уайлдер арасындағы жекпе-жектің өту-өтпеуі 10 күннің ішінде белгілі болмақ. Бұл туралы боксшының промоутері Эдди Хирн айтты.

Джошуаның қарсыласы жақында белгілі болады

Бұған дейін супер ауыр салмақтағы WBC белбеуінің иегері Уайлдер WBA, WBO және IBF белдігі бар Джошуа мен Хирнге титулдарды біріктіретін айқас үшін 50 миллион доллар беруін ұсынып, осы гонорарды ресмилеуді талап еткен.

Ал Хирннің айтуынша Джошуа келесі айқасын ресейлік Александр Поветкинге қарсы өткізуі мүмкін. «Джошуа қазіргі уақытта Поветкинмен кездесуді дұрыс көреді. Сондай-ақ біздің тізімде Джарелл Миллер де бар. Ал Уайлдерді үшінші үміткер ретінде қарастырып отырмыз. Джошуа 10 күннің ішінде нақты бір шешімге келіп, қарсыласының есімін жариялайтын боламыз», дейді Хирн.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»