Медицина • 04 Мамыр, 2018

Ғылыми-ағартушылық бағыттағы жаңа жоба әзірленеді

511 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Ғылыми-ағартушылық бағыттағы жаңа жоба әзірленеді

Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері қатысты. 

Ағымдағы жылдың 28-ші сәуірінде Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам минис­трлі­гіне «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан халқы Ассам­блея­сымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және жаңа әлеу­меттік бастамаларды алға жыл­жыту бойынша ғылыми-ағарту­шылық бағыттағы жаңа жобаны әзірлеуді тапсырған болатын. 

Кездесу басында Дархан Кәлетаев Президенттің тапсырмаларын орындау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орын­дау үшін интеллектуалды, сараптамалық және ұйымдас­тыру­шылық ресурстарды бірік­тіру қажет. Өңірлермен бірле­сіп, сон­дай-ақ жобаға жастарды және «100 жаңа есім» жобасының қаты­су­шыларын қатыстыру маңыз­ды», деп атап өтті министр Д.Кәлетаев.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп бірыңғай жалпы құндылықтарды қалыптастыру негізі ретінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танытуға бағытталған жаңа жобаны жүзеге асыратын болады. 

Кездесу қорытындысында қатысушылар «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы мен жаңа әлеу­меттік бастамаларды ілгерілету бойынша ғылыми-ағартушылық жобаны іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бұл құжат бір­қатар іс-шараларды қамтиды. Атап айтқанда, жобалық топты құру, жобаны ғылыми және шы­ғармашылық интеллигенция өкілдерімен талқылау, соны­мен қатар тұрғындар арасында ақ­параттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар