Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Атырау облысында "Мақат-Доссор" жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылыс жұмыстары жол төсемінің 17  шақырымына жүріп жатыр,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында "Мақат-Доссор" жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда

"Мақат-Доссор"  жолын қалпына келтіру "Нұрлы жол"  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Тапсырыс беруші -  ҚР автокөлік жолдары комитеті. "Ақтөбе-Атырау"  автокөлік жолының 487-504  шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия даму банкі есебінен жүруде. Бөлінген қаржының жалпы сомасы 3,3  млрд теңге, 2018  жылы қалпына келтіруге 2,5  млрд теңге қаралды.

-Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып,  жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47  адам жұмылдырылды,-  дейді «Атыраужолзертханасы»  РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.

"Атырау-Астрахань"  жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277  км-ге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Қазір Ислам даму банкімен келісім-шарт бекітілуде,  жақын арада жоба қаржыландырылады.