Президент • 04 Мамыр, 2018

Елбасы Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ол 2017 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.