Президент • 04 Мамыр, 2018

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.

Осыған байланысты тараптар 2017 жылы екіжақты сауда-саттық көлемінің 31 пайызға артып, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштің оң қарқыны сақталып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.