Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Қайрат Әбдірахманов Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының президентімен кездесті

684 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының президенті Франческо Роккамен кездесті.

Қайрат Әбдірахманов Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының президентімен кездесті

Тараптар Халықаралық феде­рациясының әлемдегі төтенше жағдайлар мен қақтығыстар салдарының алдын алу, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары бойынша жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетуі жөніндегі қызметі туралы талқылады.

Қ. Әбдірахманов сенімділік үшін алғысын айта отырып, Қы­зыл Крест және Қызыл Жар­ты ай халықаралық қоғам феде­ра­циясының 10-шы Еуропалық конференциясын 2018 жылғы 2-3 мамырда Алматыда өткізгені үшін ілтипат білдірді. Сәтті өткізілген осы іс-шара аймақтағы әлеуметтік сала бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін де атап өтті.

Министр, сондай-ақ Қа­зақ­станның аталған федерациямен, екі­жақты деңгейде де, басқа халық­аралық алаңдарда да, соның ішінде Президент Н.Ә.Назар­баевтың сыртқы саяси бастамаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін жеткізді.

Ф.Рокка өз кезегінде маңызды конференцияны Алматы қала­сында ұйымдастыруда көрсетілген қолдау үшін Қазақстанға риза­шылығын білдірді.
Бұдан бөлек, Халықаралық федерациясының президенті Сириядағы дағдарысты шешу үшін Астанада ұйымдастырылған келіссөздерді жоғары бағалады және жақын арада Сирия Араб Рес­публикасына жасаған іссапары қорытындылары жөнінде сөз қозғады.

Кездесу нәтижесінде тарап­тар бір-бірімен тұрақты түрде ха­барласа отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақ­тастықты нығайтуға келісті.
Айта кетейік, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халық­аралық қоғам федерациясы 189 ұлттық қоғамды қамтиды. Бұл ұйым төтенше жағдайлар мен техногендік апаттар құрбан­дарына, босқындарға, төтенше жағ­дайларда денсаулық сақтау орган­дарына Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қо­ғам федерациясы тарапынан көр­сетілетін халықаралық көмек­ті басқарады және реттейді. Қызыл Крест және Қызыл Жар­ты ай халықаралық қоғам феде­ра­ция­сының аймақтық өкілі Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бері қызметін атқарып келеді.

Қазақстан бұл федерациямен өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сін­дегі 2017-2018 жылдары мүшелігі шеңберінде де өзара байланыс орнатуда.