Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Дін істері және азаматтық қоғам министрі халық алдындағы есепті кездесуін өткізеді

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі халық алдындағы есепті кездесуін өткізеді

Министр есепті кездесуінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ есепті кездесу барысында халықтан түскен сұрақтарға жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі www.bnews.kz интернет-порталы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі-4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар [email protected] электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, +7 (7172) 74-18-68 телефондарына хабарласу арқылы жолдай алады.