Аймақтар • 05 Мамыр, 2018

Бүгін Атырауда «Атырау Барысы – 2018» турнирі өтеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Турнирді атыраулықтар Х. Досмұхамедов атындағы Университеттің стадионында тамашалайды, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырауда «Атырау Барысы – 2018» турнирі өтеді

Жарыста аудандық жарыстардан іріктелген үздік 16 палуан өзара мықтыны анықтайды.

«Биылғы Атырау барысы турнирі өзгеше, жаңашыл форматта өтеді. Біз спорттық кешендердің ішінде өтетін жарыстарды, әсіресе белдесу түрлерін көп көретінбіз. Бұл жолы ұлттық спортымызды ұлттық нақышта, ашық аспан аясында ерекше етіп ұйымдастыруды қолға алып отырмыз», - дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жарыс бүгін, яғни 5 мамыр күні сағат 18:00-де басталады.

Турнирдің  жеңімпаздары мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың чемпионы атанып «Атырау Барысы-2018» белбеуіне ие болған палуан және  екінші орын алған спортшылар  республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алады.

Айта кету керек, «Қазақстан барысы» жобасы басталғалы бері Атыраулық балуандардан ең үздік нәтижені «Жас қыран» атты лақап атымен танымал Арман Қалиев көрсеткен болатын. Ол былтырғы бәсекеде үздік төрттікті түйіндеді.