Қазақстан • 06 Мамыр, 2018

Қазақстандық дипломат ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дакка қаласында (Бангладеш) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында қазақстандық дипломат Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Қазақстандық дипломат ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

А.Мусинов кадрлық дипломат маман, бұрын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, Қазақстанның Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы және министрдің орынбасары болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің жолдамасымен ИЫҰ Бас хатшылығында бейбітшілік және қақтығыстарды реттеу жөніндегі бөлім басшысының қызметін атқарады.

«Бұл тағайындау Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман әлеміндегі беделінің, ислам әлемін дамыту бойынша белсенді қызметінің арқасында мүмкін болды. Қазақстандық өкілдің сайлануы 2017 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен ИЫҰ ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің нәтижелерін іске асыру аясында өте маңызды болып табылады», - деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Сайлаудағы жеңіс Қазақстан өкілі ИЫҰ-да осындай жоғары лауазымға бұрын соңды тағайындалмағанымен де ерекше болып отыр. А. Мусиновтың сайлаудағы қарсыласы бангладештік дипломат Камрул Ахсан болды. Қазақстан өкіліне ИЫҰ Азиялық топтың 18 мүшесінің 12-сі дауыс берді.