Бокс • 06 Мамыр, 2018

Геннадий Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңіп, өз титулдарын қорғап қалды. 

 

Геннадий Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

Головкин бірінші раундтан бастап шабуылдап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Алайда Мартиросян да бірнеше соққыларын дарыта алды. Бірінші раунд қазақстандықтың басымдығымен аяқталды.

Екінші раундтың басында Мартиросян тізерлеп отырып қалды, алайда дереу тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Головкин тактикасын өзгертіп, қарсыласын соққының астына алып, бұрыштан шығармады. Өз кезегінде Мартиросян да соққылар сериясын жасауға тырысып қалды. Дегенмен де Генаның ауыр соққылары Ванеске ауыр тиіп, нокауттан кейін қайта тұра алмады. Осымен, Мартиросян үшін спорттық мансабында бұл жеңіліс төртінші болды. Жалпы ол 41 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен еді. Бұл жекпе-жек Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтті.