Қазақстан • 11 Мамыр, 2018

Нью-Йоркте жаһандық азаматтық мәселелерге арналған халықаралық конференция өтті

533 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде жаһандық азаматтық мәселелерге арналған халықаралық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өткен БҰҰ алаңындағы мұндай жоғары деңгейдегі іс-шараның бастамашысы қазақстандық жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Конференцияны ұйымдастырушылар қатарына сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер Альянсы мен Қазақстанның БҰҰ жанындағы өкілдігі кірді.

Нью-Йоркте жаһандық азаматтық мәселелерге арналған халықаралық конференция өтті

Іс-шараны аша отырып БҰҰ Өркен­и­еттер Альян­сы­ның жоғарғы өкілі Нас­сир Абдулазиз әл-Насер, әсі­­ресе жас ұр­пақтың ара­сын­да ғаламдық аза­мат­­тықты қа­лып­тастыруға ар­нал­ған кон­­фе­ренцияның маңыз­ды­лы­ғын атап өтіп, бұл процесте уни­­верситеттердің ат­қарар рө­лі үлкен екендігін және осы ба­­ғыт­та жаңа тәсілдерді табу қа­жеттігін алға тартты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, ака­демик Ғалым Мұтановтың «Шы­ғыстың ұлы философы әл-Фарабидің ізгі­лікті қо­ғам туралы идеяларына не­гіз­­­делген университет 4.0» ат­ты жо­ға­­ры оқу орындарын дамытудың жа­ңа үлгісін ұсын­ған баяндамасы кон­фе­ренция қатысушыларының үл­кен қы­зығушылығы мен жан­ды пікірлерін ту­дырды. Модель төрт құрамдас бө­лік­­­ті біріктіреді: білім бе­ру, зерт­теу, инно­ва­циялық-кәсіп­кер­лік және рухани-адам­гер­шілік. Бұл модельді жүзеге асы­­руда Елбасы ұсынған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағ­­дар­ламасы нақты нұсқау бол­­мақ.
Жаңа буын универ­си­те­ті­нің мис­сиясы жастарды ру­­хани және адам­гер­ші­лік қа­­сиеттері жоғары және бел­сен­­­ді азаматтық ұстанымы бар әлем­нің із­гілікті азаматтар­ы ретінде қалып­тас­тыруға ба­ғыт­талған. Жаңа тренд – уни­­верс­итет 4.0 жаһандану жә­н­е жа­ңа тех­нологиялардың қар­­қынды дамуы жағ­дайында айрықша маңызды. БҰҰ Өр­ке­­ниеттер Альянсының қара­ма­ғында әлем­нің жоғары оқу орындарын гуманитарлау үшін модельдік жоспар әзір­леу жөніндегі ҚазҰУ-дың ұсынысы конференция қа­ты­су­шылары тарапынан ма­құл­данып, қолдау тапты.

«Біз модельдік жоспар туралы ұсы­нысты аса тиімді деп санаймыз. Әлемнің уни­­вер­ситеттері жастарды гу­­ма­­нистік құн­дылықтар ру­хы­н­­­да тәрбиелеу үшін нақ­­ты қа­дамдар жасауға бірігуі керек. Бұл БҰҰ-ның «Жаһан­дық азаматтық» бағ­дар­­л­ама­сының мақсаттарына сәй­кес келеді. Бұл тұрғыда БҰҰ-ның «Академиялық ық­пал» бағ­дарламасының ға­лам­дық хабы – ҚазҰУ-дың тә­жірибесі мен бастамалары, әсі­ресе өзекті әрі сұранысқа ие. Ал әл-Фарабидің мұрасы кү­ні бүгінге дейін ақыл мен жү­­ректі бірік­тіріп байытатын түбегейлі өңдеу кү­шіне ие білімнің үлгісі болып та­бы­лады», – деп атап өтті Альянс­тың жоғарғы өкілі НассирАбдулазиз әл-Насер.

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Аль­я­­­нс­ымен бірлесіп «Ізгі­лік­­­ті қоғамның азаматтарын қа­­­лып­­­тастыру. Қазіргі заман­ғы уни­вер­­­ситеттердің миссия­сы» атты ха­лық­ара­лық жобаны жүзеге асыруда.

Университет 4.0 үлгі­сі­ ая­сында ҚазҰУ-да инно­ва­циялық-техно­ло­гиялық жә­не рухани-адам­гершілік тұ­ғырнама үндес­­тігіне не­гіз­делген «Al-Fara­bi university smart­­city» атты біре­гей жоба сәт­ті жүзеге асуда. Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассам­блея­сының 66-сессиясын­да Қазақ­стан Президенті ұсынған «Жа­­сыл кө­пір» бастамасын іс­ке асыруға ба­ғыт­тал­ған «РИО +20» БҰҰ кон­фе­рен­ция­сын­да ал­­ға тартылған «Жасыл көпір ұр­­­пақтан – ұрпаққа» жобасы жү­зе­ге асырылуда.

Халықаралық конферен­ция­ға Қазақ­станның БҰҰ-ның жанындағы Тұрақ­ты өкілі Қайрат Омаров, Қазақ­стан Мәдениет және спорт ми­нистрлігі, әртүр­лі елдердің дип­ломатиялық мис­сия­лары, үкі­меттік емес ұйым­дардың өкіл­­де­рі және АҚШ пен әлем­нің алдыңғы қа­тарлы уни­вер­ситеттерінің ғы­лыми элитасы қатысты.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ