Поляк жерінде қаза тапқан жауынгерлер туралы не білеміз?

Адамзат тарихындағы ең қантөгісті апаттардың бірі Екінші дүниежүзілік соғыс. Әлем бойынша миллиондаған отбасылардың шаңырағын шайқалтқан сол зұлматтың 1939 жылдың 1 қыркүйегінде гитлерлік Германияның Польшаға шабуылымен басталғаны белгілі. Араға алты жылдай уақыт сала 1945 жылдың 2 мамырында жау астанасы Берлин Кеңес Одағы жауынгерлерінің шабуылына шыдас бермей берілгенде де, қазіргі Польша аумағындағы Төменгі Силезияда әлі де кескілескен шайқастар жүріп жатқан-ды.

Егемен Қазақстан
11.05.2018 2017
2

Жалпы, Польша соңғы жаһандық соғыстан ең ауыр зардап шеккен мемлекеттердің бірі. Сондықтан болар соғыс құрбандары жерленген зираттарды елдің тұтас аумағынан кездестіруге болады. Олардың үлкен бір бөлігін Польшаны азат ету жолында көз жұмған және неміс тұтқынында қаза тапқан Кеңес жауынгерлерінің бейіт­тері құрайды. Сұм соғыстың аяқ­тал­ғанына биыл 73 жыл толып, одан бері екі буын өсіп жетілсе де зұл­маттың салған ауыр жарасы әлі жазыл­ған жоқ. Сондықтан да бүгінгі ма­қа­ла­­­ның аясы мүмкін боларлық негіз­де поляк жерінде қаза тапқан жауын­гер­лер­дің тағдырына, оларды іздестірудің бүгінгі жай-күйі мен амалдарына арналмақ.  

1943 жыл Кеңес-Герман соғысының тағ­д­ыршешті шағы болғандығы белгілі. Атал­ған уақыттан бастап стратегиялық ба­сым­дықты өз қолына алған Кеңес Ода­ғы барлық бағыттарда жауды ба­тысқа қарай тықсыра бастаған-ды. 1944 жыл­­дың жазында Кеңес Одағы­ның аумағы бас­қыншылардан түгелдей тазар­­тыл­ып, әскери машығы бабына келіп, ұрыстарда әбден ысылған Кеңес әскерлері Еуропа елдерін азат етуді бастайды. 

1943 жылдың маусым-тамыз айларында жүргізілген «Багратион» опера­циясының барысында Литва мен Бела­русь, сонымен қатар Польшаның шы­ғыс аумақтары азат етілді. Поляк жер­лері үшін болған ұрыстар аса кескі­лескен әрі қантөгісті сипатымен есте қалды. Кеңес жауынгерлеріне неміс әскерлерінің қуат­ты бекініс, қорғаныс шептерін бұзып өтуге тура келді. Жау әскерлерінің бар­ған сайын өз шекараларына жақындап ке­ле жатқанын түсін­ген неміс әскери бас­шылығы барын салып қарсыласып бақты. Дей тұр­ғанмен, қозғалыс барысы айтар­лықтай баяулағанымен, өте үлкен адам шығынына қарамастан Кеңес әскерлері шабуылдауын тоқтатпады.

1945 жылдың қаңтар-ақпан айларында Кеңес әскери басшылығы кезекті «Висла-Одер» шабуыл операция­сы­ның барысында Польшаны түгелдей дер­лік жаудан азат етті. Аталған қос өзен ара­лығында жеті қорғаныс шебін салып, кескілескен қарсылық біл­дір­ген не­міс әскерлерінің бір бөлігі жойылып, қалған бөлігі поляк жер­лерінен тық­сырылып шығарылды. Тек Познань, сонымен қатар соғысқа дейін немістер иелігінде болған Вроцлав (немісше Бреслау) қалалары маңа­йын­дағы жау әскерлерін түгелдей жою мүмкін болмады. Оның себебі, батыс неміс жерлері арқылы Германия астана­сына одақтастар әскерлерінің жақындай түсуіне байланыс­ты Кеңес әскер­леріне шұғыл Берлинді алу бұйрығы берілген-ді. Нәтижесінде, 1945 жылдың сәуір-мамыр айларында «Берлин» операциясы жүзеге асырылып, Германияның сөзсіз берілгендігі тарихтан белгілі. Германия астанасы алынған сәтте де Вроцлав маңындағы жаудың қарсыласуы тоқталған жоқ-тын. Тек араға бірнеше күн салып қана қазіргі оңтүстік-батыс Польшадағы немістердің күштері біржола жойылды. 

Бірақ поляк жерлері үшін бол­ған шайқастардың нәтижелеріне тоқта­лар болсақ, жеңіске орасан адам ре­сурс­тарының шығынымен қол жеткізіл­гендігіне көз жеткіземіз. 

Польшаны азат ету жолындағы кеңес­тік соғыс құрбандарының арасы­нан қаншасы қазақстандық болған­ды­ғын бү­гінгі күні дәл анықтау өте қиын. Олар­дың саны пропорциялық тұрғыдан алғанда бірнеше ондаған мың адамды құрауы мүмкін. Бір анығы, қазіргі Польша аумағында қазақстандық 25 Кеңес Одағының Батыры ерлікпен қаза тапқан екен. Өмірбаяндарын зерттеп, зерделеу арқылы олардың жарты­сының жиырмаға жаңа толған өрімдей жастар болғандығына көз жеткіземіз. 

Олардан өзге ұлтымыздан шыққан ал­ғашқы генерал – Сабыр Омарұлы Рақымов та поляк жерлері үшін болған шайқаста, дәлірек айтар болсақ, бүгінгі Гданьск (немісше Данциг) үшін ұрыста қаза тапқандығы тарихтан белгілі.

Өкінішке қарай, Польшада дүние сал­ған Кеңес жауынгерлерінің көпші­лігінің өмірі жоғарыда айтылғандай негізде қатталмаған. Статистикалық ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, тікелей соғыс қимылдары барысында дүние салғандар ел аумағында қайтыс болған бұрынғы Кеңес азаматтарының тек бір бөлігі ғана. 

Мұрағаттар ашылып, құпиялар жария болған қазіргі уақытта сол соғыс жыл­дары Польша аумағында қаза тап­қан Кеңес азаматтарының басым бөлі­гін концентрациялық лагерьлерде қай­тыс болғандар құрағандығына көз жет­кіземіз. Ресми мәліметтерге сәйкес ЕДС жылдары ел аумағындағы концлагерьлерде шамамен 1,2 млн Кеңес азамат­тары көз жұмған. Аталғандардың 800 мыңнан астамы әскери тұтқындар болса, қалған бөлігі қарапайым азаматтар. 

Гитлерлік Германияның соғыс жыл­­­­­­дары поляк жерлерінде тұтас кон­центрациялық лагерьлер жүйесін жа­сап, миллиондаған жанның өмірі қиыл­ғандығы белгілі. Польша аумағын­дағы лагерьлер жүйесін құру 1940 жылдан басталған. Бір бөлігі жұмысын Кеңес әскерлері ел аумағына енген 1944 жылы тоқтатқан болса, жекелегендері 1945 жылға дейін қызметін жалғастыра берген-ді. Лагерьлер жүйесіне Кеңес әскерлері, жалпы КСРО азамат­тары 1941 жылдың маусым айының соңы­нан бастап әкеліне бастаған. Гитлер жендеттері жоспарлы түр­де жоюды жүзеге асырған еврей ұлтын не­гізге алмағанның өзінде, лагерьлердегі кеңестік әскери тұтқындардың жағдайы адам төзгісіз болатын. 

Мысалы, 1941 жылдың қазан айында Освенцимге (Оңтүстік Польшада, Краков қаласынан 60 шақырым қашықтықта) 10 мың шамасында Кеңес тұтқындары әкелінген. Лагерьлердегі аштық пен күр­делі санитарлық ахуал­ға байланыс­ты олардың арасында өлім деңгейі өте жоғары болған. Нәтижесінде, бес айдан соң аталған топтан небәрі бірнеше жүздеген тұтқын ғана тірі қалған. 

Күрделі жағдай Сталаг 344 Ламс­дорф лагерінде де орын алған. Поль­ша­­­­ның қазіргі Ополе воеводства­сын­­дағы Ламбиновице елді мекені ма­ңын­дағы шағын аумақта жалпы саны 42 000 Кеңес тұтқыны аты-жөн­дері белгісіз жағдайда бауырластар зира­тында жерленген. Ондағы музей қыз­мет­керлерімен сұхбаттасу және мәлі­меттер қорымен танысу бары­сында кеңестік тұтқындарға қаты­нас­­тың өте төмен әрі әсіре дөрекі бол­­ған­­ды­ғына көз жеткіземіз. Музей қыз­мет­кер­лері­нің пікірінше, мұндай қаты­насқа біріншіден, адамды шығу те­г­іне қарай алалаған фашистік идеоло­гия себепкер болса, екіншіден, КСРО-ның 1929 жылғы «Әскери тұт­қындар туралы Женева конвенция­сына» қосылмауы формальды негізде болса да ықпал еткен. Лагерьде Кеңес жауынгерлерімен қатар ағылшын, француз тұтқындары да болған. Бірақ аталған тұтқындар тобына жасал­ған жағдай әлдеқайда жақсы сипатымен ерекшеленгендіктен, тиісінше өлім-жітім деңгейі де төмен болған. Және олардың барлығы дерлік тіркеуге алы­нып, қажетті жазбалары жүр­гізі­ліп отырған. Ал Кеңес жауын­гер­­лерін тіркеу жұмыстары жүйелі жүр­гі­зілмеген, кей жағдайда мүл­де ат­қа­­рылмаған. Сондықтан бүгінгі күні Лам­биновицедегі бауырлас­тар зиратында жер­ленген жауынгерлердің аты-жөндері негізінен күні бүгінге дейін беймәлім күйі қалып отыр. Мұндай мысалдар, әрине көп­теп саналады. 

Жалпы алғанда, Польша аумағында дүние салған Кеңес жауынгерлерінің, әскери тұтқындары мен қарапайым аза­маттарының 648 жерлеу орындары тір­келген. 

Сонымен қатар бүгінде Польша Рес­публикасының аумағында Кеңес жауынгерлеріне арналған 561 ескерт­кіш орындары бар. Олардың 415-і ес­керткіштер, 77-сі даңқ ескерт­кіштері (обелисктер), 46-сы ескерткіш тақ­та­шалар болса, қалған 23-ін түрлі үлгідегі әс­кери техникалар құрайды.
Айта кетейік, аталған орындардың күті­мі жақсы, тазалық сақталған. Нысан­дар Польшаның жергілікті атқарушы ор­ган­дарының құзырында бол­ған­дық­­тан, тиісінше билік өкіл­дерінің бұл ба­ғыт­тағы тиянақ­ты жұмы­сын атап өту­ге тиіспіз. Сөз болып отыр­ған жер­леу орындарының, ескерткіш­тер­­дің күті­мі бойынша көршілес Ресей Федера­ция­сының елшілігі тарапынан да едәуір жұ­мыстар атқарылуда. 

Бүгінгі күні халқымызға үлкен зар­дабын ала келген соғыстың аяқтал­ға­нына 73 жылдың жүзі болса да поляк жер­лерінде бақилық болған жауын­герлерді іздестіру жұмыс­тары бір сәтке де тоқталмаған екен. Іздестіру, әсіресе ХХ ғ. 50-80-ші жыл­дар аралығында бел­сенді жүрген. Ол өз кезегінде марқұм бол­ғандардың жақын туыстарының, бауыр­ларының және жарларының көзі тірі болуымен түсіндірілсе керек. Ал өткен жүз жыл­дықтың 80-ші жылдары соңында орын алған әлеуметтік-эконо­микалық мәселелер, бұрынғы Вар­шава шарты ұйымының, КСРО-ның ыдырауы, Польшаның Еуропа мем­лекеттерімен терең интеграция­лануы із­деу жұмыстарын біршама саябыр­латқандығы анық. 

Еліміздің тәуелсіздік алып, Польша мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатуы, қос мемлекеттің елші­ліктерінің ашылуы екіжақты қаты­настарға бастау болды. Қазіргі уақы­т­та ақпараттық ресурс­тардың, әлеуметтік желілердің қа­рыш­тай дамуы іздеу жұмыстарына тың серпін бергендігін айтып өтуге тиіспіз. Вар­шавада орналасқан Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы елшілігі қызметкер­лерінің деректеріне қарағанда, дипло­матиялық өкілдігіміз ашылған 2000 жылдан бері соғыста қаза тапқан туыстарын іздеген отан­дастарымыздан жүздеген хаттар келіп түскен. Нәтижесінде, көптеген аза­маттарымыз өз туыстарының жерленген орындарын анықтап, басына ескерткіш тақташа орнатып, елден ала келген то­пырақтарын салған. Бүгін­гі күні бұл үр­дістің елшіліктің Кон­сул­дық қыз­метінің не­гізгі жұмыс бағыт­тары­­ның бірі екендігін айта кетуге тиіспіз.

Еліміздің Польшадағы консулы Бақыт­жан Бөлегеновтің айтуынша, Кон­сулдық қызмет туыстарын іздеу бойынша еліміздің азаматтарынан келіп түскен сұрау хаттарды мем­лекеттің құзырлы мекемелеріне жолдап, көмек көрсетеді. 

Мекеменің бөлімшелері елдің бар­лық әкімшілік құрылымдарында бар, бас кеңсесі Варшавада орналасқан. Со­ғыс­­та қаза тапқандарды іздестірумен  Ақ­­па­­рат және іздестіру бюросы (Biuro Informacji i Poszukiwań) айналыса­ды. Ме­­­ке­­ме­нің ресми сайты: http://www.pck.pl

Поляк Қызыл Кресі Екінші дүние­жүзілік соғыс аяқталғаннан бері инемен құдық қазғандай өте күрделі әрі көп қатпарлы жұмысты атқаруда. 1945 жылдан бері ПҚК хабар-ошарсыз кеткен 650 мың жанның тағдырын анықтап, 220 мыңнан астам анықтама берген. 

Мемлекетіміздің Варшавадағы ел­ші­лігі әкесінің, атасының, бабасының тағдыры бойынша үкілі үмітпен жүгін­ген ел азаматтарына көмек қолын созып, Польшаның арнайы құзырлы ме­кемелер арасында көпір міндетін атқа­руда. Қазіргі уақытта елшіліктің тікелей мұрындық болуымен бірқатар қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарына олардың аты-жөндері көр­сетілген тақташалар орнатылған. Сонымен қатар елшілік тарапынан со­ғыс жылдары Польшада қаза тапқан жер­лес­теріміз туралы арнайы дерек базасы түзілуде. Осылайша, жыл санап соғыс зұлматының ақтаңдақ беттері жойылуда. 

Халқымызда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген аталы сөз бар. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыс­тар, сөз жоқ, сауапты іс, келешек буын, Отан үшін от кешкен аталарымыздың алдындағы бүгінгі ұрпақтың міндеті! 

Жандос ӘУЕЛБЕКҰЛЫ,
арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Польша Республикасы,
Варшава қаласы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу