Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

«Егемен Қазақстан» газеті жүлдесі үшін бәйге жарияланды

614 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арнап арнайы бәйге жариялайды. Оған мерзімді басылымдарда материалдарын жариялау арқылы 18-35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. Бәйгенің шарттары туралы төмендегі ережеден толық білуге болады.

«Егемен Қазақстан» газеті жүлдесі үшін бәйге жарияланды

«Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурсқа қатысу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды ұйымдастырушы – «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ. Орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13.

1.2. «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурс жылына 1 рет, журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланады.

1.3. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралы­ғын­дағы журналистер қатыса алады.

1.4. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде қабылданады.

1.5. Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны «Егемен Қазақ­стан» РГ» АҚ редакция алқасы бекітеді.

1.6. Конкурсқа келіп түскен материалдарды «Егемен Қазақстан» газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.

2. Конкурсқа қатысу шарты

2.1. Конкурсқа «Егемен Қазақстан» газетінде және egemen.kz сайтында жария­ланған хабарландыруда ұсынылған тақы­рыпқа сәйкес келетін тақырып аясында жазылған және «Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа» деген айдар қойылған материал­дар қабылданады.

«Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы 2018 жылы «Елорда – елдіктің айнасы» деген тақырып аясындағы 3 номинация бойынша – «үздік танымдық материал», «үздік журналистік зерттеу» және «үздік фоторепортаж» үшін жарияланады. Үміткерлердің мақалалары биыл 20 жылдығы аталып өтетін Астана қаласы туралы оның өткені мен бүгіні, келешегі һәм тұтас ел дамуында алатын орны жайында тарихи-танымдық тұрғыдан жазылуы немесе өзекті мәселелерді қозғауы керек. Сонымен бірге бас қаланың елімізді әлемге әйгілеудегі рөлі жөнінде де дәйекті ой толғауы тиіс.

2.2. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервалында жазылып, көлемі 3,5 беттен аспауы тиіс. Сапалы суреттерімен жіберілсе, құба-құп.

2.3. Конкурсқа жіберілген материал мен суреттер бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы тиіс. Бұл орайдағы жауапкершілік авторға жүктеледі.

2.4. Конкурсқа арналған материалдар [email protected] электронды байланыс желісіне «Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа» деген айдармен жіберілуі қажет.

3. Конкурс қорытындысы

3.1. Конкурстық комиссия конкурс қоры­тындысын материал қабылдау аяқтал­ған күннен бастап, 1 (бір) апта ішінде шығаруға міндетті.

3.2. Конкурстық комиссияның шеші­міне сәйкес, «үздік танымдық материа­л», «үздік журналистік зерттеу» және «үз­­дік фоторепортаж» деп танылған мате­риал­дардың авторлары марапаттауға ұсы­нылады. Олар­дың әрқайсысына арнайы кәдесый және 200 000 (екі жүз мың) теңге ақшалай сыйлық тапсырылады;

Қосымша ынталандыру сыйлығы Кон­курс­т­ық комиссияның ұсынысымен тағайындалуы мүмкін.

3.3. Конкурс жеңімпаздары журналис­тердің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады. Марапаттау рәсімі өтетін орын қосымша жарияланады.