Спорт • 16 Мамыр, 2018

Хэмилтон – Гран-при жеңімпазы

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Хэмилтон – Гран-при жеңімпазы

 «Формула-1» автожарысына қатысушы «Мерседес» клубының пи­лоты Льюис Хэмилтон Испания Гран-при бәсекесінде топ жарды.

Испания тас жолында өткен жарыста мәре сызығын екінші болып Хэмилтонның командаласы Валттери Боттас кессе, үздік үштікті «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен түйіндеді.

«Формула-1» автожарысының бесінші кезеңінен кейін 95 ұпай жи­на­ған Хэмилтон жалпы есепте көш бастады. Екінші орында «Фер­ра­ри» пилоты Себастьян Феттель (78), үшінші сатыда Боттас (58) келеді.

Автожарыстың келесі кезеңі 25-27 мамыр күндері Монакода өтеді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар