Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Алматы ЖИТС-тан көз жұмғандарды еске алу күніне ат салысады

511 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ертең 17 мамыр күні Алматы қалалық ЖИТС орталығында мини-инсталляцияның ашылуы өтпек. Оған қоса Медеу мұз айдынындағы денсаулық баспалдағымен белсенділер құрақ  көтереді.M

Алматы ЖИТС-тан көз жұмғандарды еске алу күніне ат салысады

Осылайша Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медициналық, мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, АИТВ-мен өмір сүрушілер қоғамдастығының мүшелері Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналған республикалық акцияларға қосылады.

Мини-инсталляция халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес символы қызыл лента формасында «Доверие плюс» қоғамдық қордың қатысуымен жасалды. Ол ЖИТС орталығының ауласында медицина қызметкерлер мен АӨА отырғызған ағаштар мен гүлдердің жанындағы кішігірім көлік тұрағында ашылады. ЖИТС қарсы күрестің екінші символы – квилтті белсенділер «Медеу»мұз айдынының денсаулық баспалдағының ең биігіне көтереді. Квилт деп отығанымыз, осы аурудан көз жұмғандарды еске алу үшін құралған кенеп бөліктері. Құрақты ЖИТС құрбандарының туған-туыстары, достары мен сүйіктілері, ата-аналары мен балалары тігеді. Бұл- біз жоғалтқан жандардың тірі, көрікті естелігі.

Сонымен қатар бұл күні АӨА қолдау мақсатындағы ЖИТС, туберкулез, безгекке қарсы күрес Жаһандандық қорының гранты шеңберінде жұмыс жасайтын жаңа ҮЕҰ дағдарыстық орталықтың ашылуы өтеді.

 – Акцияның мақсаты, – дейді Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Төкеев, – қоғамды АИТВ-позитивке толерантты қарауға шақыру және бұл кез келгеніміздің басымызға түсу мүмкін екенін еске салу. Әрқайсысымыз өз денсаулығымызға үлкен жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз. АИТВ-инфекциясының эпидемиясын тоқтатуға халықаралық стандарттарға сәйкес мынадай мемлекеттік шаралар кешені ықпал етеді: алдын алу, емделуге зәру барлық жанды қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сонымен қатар, әрине, қоғам назарын белсенді түрде аудару.

Бұл процессте ерекше орынды эпидемиямен күресуде алдыңғы қатарда жүретін адамдар мен дәрігерлер алады.  Емдеу нәтижесі мен науқастардың өмірі олардың кәсіби деңгейіне, кішіпейілділігіне, зейінділігі мен адалдығына  байланысты.

Антиретровирустық терапияға қол жетімділікті арттыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардға толыққанды өмір сүруіне, жұмыс істеуге, сау балаларды дүниеге әкелуге және қоғамдық қызметке белсенді қатысға  мүмкіндік береді.

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күнін, мамырдың үшінші демалысында атап өтеді.

Бұл күнді алғаш рет (World Remembrance Day of AIDS Victims) 1983 жылы америкалық Сан-Францискода атап өткен.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ