Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

ҚГКҚ неміс SES қоғамымен бірлесіп кәсіпорындарын цифрландыру жобасын жүзеге асырады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Германия кәсіпкерлер қауымдастығы (бұдан әрі - ҚГКҚ) неміс SES қоғамымен бірлесіп, ҚГКҚ-ың қатысушы кәсіпорындарын цифрландыру жобасын жүзеге асырады. Бұл жоба Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын заманауи жаһандық үдерістерге әкеледі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.

ҚГКҚ неміс SES қоғамымен бірлесіп кәсіпорындарын цифрландыру жобасын жүзеге асырады

Жобаның мақсаты - шетелдік мамандардың тәжірибесін пайдалана отырып, ҚГКҚ мүшелерінің кәсіпорындарында өндіріс процестерінде цифрландыру мүмкіндіктерін көрсету арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу. Неміс маманы Мистер Мюллердің қатысуы зауытта технологиялық үдерістерді басқарудағы жетістіктер мен қателерді анықтауға және қазақстандық кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу жоспарын жасауға көмектеседі.Жоба 2 кезеңді қамтиды:

1-кезең: Германия мамандарымен жалпы талқылау жүргізу және «экономиканы цифрландыру» тұжырымдамасының тұсаукесері;

2-кезең: ҚГКҚ кәсіпорындарында маманның кеңес беруі.

Жобаның қатысушылары Қазақстан Республикасының жетекші компаниялары, олардың ішінде «Алтын Продукт» АҚ, «Вика Казахстан» ЖШС, «Агротех», «Нұр-Авиценум» АҚ, «Ариба» ЖШС, «Трансавия» ЖШС, «Милх» ЖШС болады.

Соңғы жаңалықтар