Үкімет • 16 Мамыр, 2018

Б. Сағынтаев Грузияның Вице-Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі М. Джанелидземен кездесті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Грузияның вице-Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі Михеил Джанелидземен кездесу өткізді.M

Б. Сағынтаев Грузияның Вице-Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі М. Джанелидземен кездесті

Кездесу барысында энергетика, көлік және логистика, туризм, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салаларында екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, жаңа бағыттарда өзара тауар айналымын кеңейту, химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруалышығы салаларында қазақстандық өңделген және шикізат өнімдерінің, сондай-ақ қазақстандық астық экспортын ұлғайту мәселелері талқыланды. Екі мемлекеттің мемлекеттік органдары, өңірлері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, грузин компанияларының «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Соңғы 12 жылда Грузия экономикасына салынған қазақстандық инвестициялардың көлемі $406 млн-нан асты, Грузиядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $45,9 млн құрады.

Қазақстандық компаниялар «Грузия темір жолдарына» электровоздар және Тбилисидегі автобус паркін жаңартуға қазақстандық автобустарды жеткізуге дайын. Kazakh Export Грузияға экспорттық-сақтандыру бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді сауда қаржыландыруын және өзара тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынады.