Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Үкімет үйінде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастық келешегі талқыланды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ХІ Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) Президенті Цзинь Лицюньмен кездесу өткізді.

Үкімет үйінде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастық келешегі талқыланды

Кездесу барысында АИИБ-пен ынтымақтастықты дамыту және ел экономикасының әртүрлі салаларында бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қаржыландырудың басым бағыттары ретінде энергетика, көлік, логистика, қала және ауыл инфрақұрылымы және т.б. салалар аталды. Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды логистикалық және көлік хабы ретіндегі рөлін ескере отырып, АИИБ-тың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік секторына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен АИИБ арасында инфрақұрылымдық инвестициялар және Қазақстанда АИИБ өңірлік өкілдігін құру мәселелері бойынша шекті келісім жасасудың бірлескен жоспарлары қаралды. Бүгінгі таңда елімізде ДБ, АДБ, ЕҚҚДБ, ИДБ және т.б. секілді халықаралық қаржы және көпжақты даму институттарының өкілдіктері бар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы банктің офисін ашатын басты алаң ретінде таңдалды.