Аймақтар • 17 Мамыр, 2018

Батыс Қазақстан облысында ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына Нұрлыбек Даумов басшы болып тағайындалды. Ұжымға жаңа жетекшіні Батыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов таныстырды.

Батыс Қазақстан облысында ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына бекітілген Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы – 1981 жылы туған, білімі жоғары. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған ол әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы; Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі бас инспектор; Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Қоғамдық саяси жұмыс департаментінде сарапшы (Астана қаласы); Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасында бас маман, бөлім басшысы; Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Бүгінгі лауазымына дейін Н.Даумов Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған Бақытжан Нарымбетов «Өңірден – орталыққа» ротациялық жобасына орай биылғы наурыз айының соңында Астана қаласына – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына қызмет ауыстырған болатын.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Орал