Әлем • 18 Мамыр, 2018

Жаһан жаңалықтары. «Реал» нашар ойнаса да нәтиже көрсетіп жүр»

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаһан жаңалықтары. «Реал» нашар ойнаса да нәтиже көрсетіп жүр»

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси TyC Sports басылымына «Реалдың» құрамы және ойыны, сонымен қатар өз клубының Чемпиондар лигасындағы  сәтсіздігі туралы айтып берді.

«Реалдың» позицияларына қарайтын болсақ, біздің клубта әлемнің ең мықты футболшылары ойнайды. Бірақ Мадрид командасының өздеріне тән артықшылықтары бар. Олар нашар ойын көрсетіп жатса да нәтиже шығара біледі. Ал біз жеңіске жету үшін қарсылас командадан екі-үш есе мықты болып, тіпті олардан асып түсуіміз керек. Чемпиондар лигасында біз өзіміз қателік жібердік. Бірінші ойынның нәтижесі бойынша жақсы мүмкіндікке ие бола тұра, жартылай финалға шыға алмадық», дейді Месси.

 

«Wild card» иелері анықталды

Францияда 21 мамыр мен 10 маусым аралығында «Үлкен дулыға» санатына енетін теннистен Франция ашық чемпионаты яғни, «Ролан Гаррос» турнирі өтеді.

Аталған бәсекенің негізгі тур ойындарына қатысу мүмкіндігін беретін «Wild card» жолдамасын алған теннисшілердің тізімі белгілі болды.

Қыздар арасында жолдаманы франциялық теннисшілер Фиона Ферро, Миртий Жорж, Амандин Эссе, Клое Паке, Полин Парментье, Джессика Понше және америкалық Тэйлор Таунсенд иеленді. 

Ал ерлер арасында Грегуар Баррере, Эллио Беншетри, Кальвин Эмери, Максим Жанвье, Николя Маю, Корентен Муте және Ноа Рубин «Wild card» жолдамасын алды.

Планшет ұстауға рұқсат берді

Халықаралық футбол ұйымының кеңесі (IFAB) матч кезінде жаттықтырушылар штабына мобильді электрон қолданбаларын пайдалануға рұқсат берді. 

Осыған орай ФИФА ӘЧ-2018 қатысушыларына техникалық жаб­дық­тардың жиынтығын ұсынуды жоспарлап отыр. Ол жаттықты­рушыларға ойынды талдаушылармен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Әрбір құрамаға екі планшет беріледі: бірі трибуна сыртынан ойынды тамашалап матчқа талдау жасайтын маманға, екіншісі жаттықтырушылар штабына. Сонымен қатар құрамалар матчтан кейінгі ФИФА-ның өкілдері жасаған арнайы ойын талдауын да ала алады.

Дайындаған
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»