Медицина • 18 Мамыр, 2018

Жемқорлықпен күрестің тиімді тетігі – ашықтық

628 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаев қоғамдағы моралдық-этикалық ахуалға жағымсыз әсер ететін жемқорлықтың алдын алуда оған мүлде төзбеушілікті қалыптастыру қажет екенін атап айтқаны белгілі. Осынау өзекті мәселе «Қазақстан-2050» Стратегиясында да қамтылып, онда жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер екені көрсетілген. Бұған қоса бұл саладағы саясат­тың тиімділігін арттыру үшін 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегия әзірленіп, қабылданғаны белгілі. Оның бір бағыты – мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізу.  

Жемқорлықпен күрестің тиімді тетігі – ашықтық

Азаматтардың бұл санаты өздерінің қызметіне байланыс­ты сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелермен жиі бетпе-бет келетіні жасырын емес. Осы орайда  мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері пара алу ар-ожданға кір келтіру деп түсінетін адамгершілік ой-сананың жоғары деңгейімен ерекшеленуге міндетті. Жем­қор­лыққа қарсы күрес негізгі басымдық ретінде қазы­на­шы­лық органдарының жұмысын­да ерекше көрініс табуда. Атал­ған құрылым Қазақстан Республи­касының экономикалық дамуына əсер ететін мемлекеттік қаржыны тиімді жəне орнық­ты басқаруға жауап беретін еліміздің бюджеттік жүйесіндегі маңызды буын болып есептеледі. Осыған байланысты бұл жұ­мыс бастапқыда-ақ əрбір бас­қару саласында кірістер мен шығыс­тардың ашықтығы мен ба­қы­лануын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Мəсе­ле, жалпыға бірдей танылған бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығыстардың бірыңғай бюд­жеттік сыныптамасы, барлық мем­лекеттік органдарды қажет­ті ақшалай қаражатпен қамта­ма­сыз етудегі бірқалыпты қазына­шы­лық нормалар мен стандарт­­тар туралы болып отыр. Қазына­шы­лықтың ақпараттық жүйесі тұрақты жетілдірілу үстінде. Мəселен, 2008 жылы мемлекет­тік органдармен электрон­ды құжат айналымы бойынша «Қазынашылық-клиент» АЖ жобасы енгізілген болатын. Оған адами факторды барынша қатыстырмайтын сапалы жəне уақтылы ақпарат алмасу үшін қорғалатын электронды құжат айналымды жасау негіз ретінде алынды. Жалпы, аталған жүйелер жемқорлыққа қарсы кү­ресте айқындаушы рөл атқарады. 

Əлемдік сарапшылар тəжі­ри­бесі көрсеткендей, мемле­кет­тік мекемелердегі қаржы­лық құжаттардың ашық жəне есептілікпен өтуі белгі­лі бір са­ла­ның жұмыс істеу­і­нің тазалық кепілі болуы кез­дей­­­соқ емес. Негізі, бүгін­де қа­­­зы­­­на­­шылық жүйесі қызме­ті­нің мəні: мемлекеттік мекемелер қашықтық режімде сұраныстары мен бюджетті атқару жəне қан­дай да операцияларды өткізу бойынша есептерді жасауы­на болатындығында. Пайдалану­шының автоматтанды­рылған жұмыс орнының көмегі­мен құ­жат­тарды толтыруы, қабыл­дап-тап­сыруы жəне бақылауы мем­ле­кет­тік органдардың орындаушылары арасында тікелей байланысты болдырмай жүргізілуде. Сонымен қатар қазынашылық қызмет­керлері арасында өңдел­ген құжаттарды жүйемен тарату автоматтандырылған режім­де жүзеге асырылуда. Бұл бір жағы­нан, құжаттарды өңдеу про­це­сін тездетеді, екінші жағынан – жемқорлықты болдырмайды. 

Елбасы жүктеген міндеттерге сай бүгінгі күні елімізде бар­лық мемлекеттік органдарда жем­қорлыққа қарсы күрес жұмыс бағытының маңызды басымдылығы болып, осы мәселе бойынша мақсатты, жоспарлы әрі жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар қазынашылық мекемесінде де жүйелі түрде атқарылып келеді. 

Жемқорлық құқық бұзушы­лық­тарды болдырмау бойынша алдын алу іс-шаралары, мемлекеттік қызметке жəне жем­қорлыққа қарсы іс-қимылға қатыс­ты заңнамаларды түсіндіру, осы тақырыпта дəрістер мен семинарлар өткізу – қызметкерлер арасындағы жалпы атқарылған жұмыстың азғантай бөлігі ғана. Біздің пайымдауымызша: жыл сайын қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтеді. Осы орайда бюджеттің мақсатты қолданылуын тиімді бақылау басымдылықта болады. Қазынашылық органдары жемқорлықтың алдын алу жəне оның көріністерімен күресуге, тəртіпті күшейтуге жəне өз қыз­­метінде тəртіпті нығайтуға бағыт­­талған міндеттерді орындау ба­ғытында алдағы уақытта да қар­­қын­ды жұмыс атқара береді. 

Баян СЫДЫҚОВА,
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары 

Соңғы жаңалықтар