Аймақтар • 20 Мамыр, 2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының хабарынша, «ІТ-мамандарды даярлау» партиялық жобасы облыс орталығындағы Инновациялық Еуразиялық университетінде жүзеге асырылады. IT-орталықта жұмыс жасау үшін 30 жас таңдап алынбақ. Емтихан тапсырған соң, оқуға алынады. 

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

Орталықта тыңдаушылар сұранысқа ие цифрлық саладағы білім алып, қазіргі бағдарламалық тілдерге үйренеді. Оқу орнында компьютерлік сынып толықтай жабдықталды. 3D принтері бар. Бұл IT саладағы білікті мамандарды даярлауға үлкен мүмкіндік. Мамандар жұмыспен қамтылады. Облыс тұрғындары да бұл жобаға қатыса алады.

- Бұл мақсат - партиялық жұмысты жаңғырту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен цифрландыруға бағытталып отыр. Қазір 22 партиялық жоба әзірленді. «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы аймақтық кәсіпкерлер Палатасы мен кәсіпкерлік өкілдерімен меморандумға қол қойылды, - дейді партияның облыстық филиал төрағасының орынбасары И. Теренченко.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген Айбек Жұматов