Спорт • 21 Мамыр, 2018

Зайчиков алтын жүлдеден қағылды

211 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкентте ауыр атлетикадан ерлер және қыздар арасында жекелей сыннан Қазақстан чемпионаты мен командалық жарыс бойынша ел кубогы өтті. Оңтүстіктегі дүбірлі додаға Астана, Алматы және еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Зайчиков алтын жүлдеден қағылды

Шымкент қаласындағы БИИК спорт кешенінде өткен чем­пио­наттың алғашқы жарыс күнін­де ерлер 56 килода бақ сынаса, қыздар 48 және 53 кило сал­мақта өзара сынға түсті. Ерлер ара­сындағы сайыста бірінші орын­ды Рио Олимпиадасының қаты­сушысы Арли Чонтей (115+136) жеңіп алды. Қыздар ара­сындағы 48 кило салмақта 16 жастағы Юлия Потасова (72+88) жеңімпаз атанса, 53 килода жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Әйгерім Ауылбек (75+90) теңдессіз деп танылды.

Чемпионаттың екінші күні тартысқа толы болды. Жарыс­ты 62 кило салмақтағы ерлер бас­тады. Бұл салмақта Рио Олим­пиа­дасының қола жүлдегері Фар­хат Харкиге тең келер ешкім болмады (115+150). Жұлқи көтеруде оның бір ғана мүмкіндікті пай­да­ланғаны жеңіске жетуіне еш ке­дергі болмады. Қыздар арасында 58 килода Сәуле Сәдуақасова (91+121) мен 63 кило салмақта сын­ға түскен Әсем Садықова ел чем­пионы атанды.

Жарыстың үшінші күні 69 және 75 кило салмақ бойынша ерлер және қыздар бәсекесі өтті. Алтын медаль Алматы об­лы­сының өкілі Анатолий Са­вельевке (131+168) бұйырды. Ал қыздар сайысында 69 кило сал­­мақта На­дежда Лихачева (115+140) үздік деп танылды. 75 ки­лода Алтынай Дәменге (99+125) тең келер ешкім болған жоқ.

Ел біріншілігінің төртінші жарыс күнінде қыздар бәсекесі мәресіне жетті. 90 килода жастар арасындағы әлемнің бес дүркін жеңімпазы Надежда Ногай (111+132) ешкімге дес бермесе, 90 килодан жоғары салмақта Ай­зада Мүптілдә (110+138) өз сал­мағының үздігі атанды. Сондай-ақ бұл күні 77 килодағы ерлер арасында сынға түскен 2017 жылғы Азия чемпионы Айдар Қазов (143+181) сөзсіз жеңімпаз атанды. Бесінші күнгі жарыс­та Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов 85 кило салмақта топ жарса (170+205), 94 килода 2015 жылғы Азия чем­пионы Рүстем Сыбайға (156+210) тең келер қарсылас табылмады.

Чемпионаттың соңғы күнінде жарыс жолына 105 және +105 кило салмақтағы ауыратлеттер шықты. 105 килода Ибрагим Берсанов қос сайыс бойынша 377 кило (175+202) салмақты оңай еңсеріп, чемпион болды. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зай­чиков (170+201) екінші орынды қанағат тұтты. Ал +105 салмақта Селимхан Әбубакаров топ жарды. Ол қос сайыс бойынша 395 (175+220) килоны бағындырды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мен чемпионатының қоры­тындысы бойынша Қы­зылорда облысының құрамасы 189 ұпаймен бірінші орынды жең­іп алды. Екінші орынды Ал­маты облысы (184 ұпай), үшінші орынды Алматы қаласының ауыратлеттері (181 ұпай) иеленді.

Енді ауыр атлетикадан ел чемпионы атанған спортшылар Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындалатын болады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»