Қазақстан • 21 Мамыр, 2018

Оқулық мәселесі өзектілігін жояр емес

653 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы өзінің: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «...егер қазақстандықтар үшін құндылықтардың ең үлкені білім болса – ұлтты зор биіктер күтіп тұр» деп атап көрсетті. 

Оқулық мәселесі өзектілігін жояр емес

Білім жүйесінің сапасы көптеген факторлардың арқа­сында түзіледі. Со­лардың ішін­дегі ең бас­тылары стандарттар, бағ­дарламалар және оқу­лықтар сапасы екені ақи­қат. Қазір мемлекет сапалы оқу­лықтар шығаруға жыл са­йын қомақты қаражат бө­ліп келеді. Мәселен, 2015 жылы оған 10 млрд теңге бө­лінсе 2016 жылы 19 млрд, 2017 жылы 27 млрд теңге бөлінді. Білім және ғы­лым министрлігі жыл са­йын мектеп оқулықтарын жетіл­діру бойынша орасан жұмыстар істелінгені жө­нінде мәлімет береді. Бөлін­ген қаражаттар тұтастай игерілген болып шығады. Алайда оқулықтардан кон­цептуалдық, фактологиялық, орфографиялық, стильдік қателіктер табушылар және салмағы мен көлемінің үл­кен­дігіне алаңдаушылық білдірушілер қатары арта түсуде.

Мектеп оқулықтарын шы­­ғару жұмысына қатыс­ты айтылып жүрген кем­шіліктерді жүйелесек төмен­дегідей болды.

1.Елімізде оқулық жаза алатын білікті мамандар аз, ал оқулықтану ғылымы тіпті дамымаған.  ЖОО-лардың кәсіптер реестрінде мұндай кәсіп тіпті қарастырылмаған. Оқулықтарды осы сала бо­йынша арнайы білімі жоқ адамдар жазып жүр.

2.Авторлық ұжымдардың бір-бірімен байланыс орнатуы да кемшін екені көрініп тұрады. Түрлі пәндердің оқулықтарында бір оқиғалар, фактілер мен олардың болған уақыттары әртүрлі болып көрсетіледі. 

Сонымен қатар оқиғалар өте көп және олар күрделі ой­лар­мен жеткізілген. Не­месе керісінше. Мәселен, «Дүниежүзі тарихы» оқу­лығында Ұлы Отан соғысы тақырыбына бір-ақ параграф арналған. 7 сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқу­лығы туралы на­ра­зы­лықтар өте оры­н­ды ай­­тылды, өйткені әде­би тіл­мен жасалуға тиісті әң­гі­мелесулер қарадүрсін, тұрмыстық тілмен берілген. Бұл жерде мәтіндер арқылы тәрбие мәселесін айтудың өзі артық.

Осыған орай біз Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтіндік:

1.Бізде оқулыққа енгі­зілуге тиісті материал­дар­дың сұрыпталуын, сапасын, құрылымын талап ететін арнайы құжат бар ма?

2.Кез келген оқулық тәжірибеде қолданылмас бұрын апробациядан өткі­зіліп, сарапшылар, педагог­тар, ата-аналар тарапынан­ оң бағасын алуы керек. Осы орайда 2017 жылы 5,7 сыныптарға арналған оқу­лық­тар апробациядан өткі­зілді ме?

3.Республикалық «Оқу­­лық» ғылыми-прак­ти­­калық орталығы не үшін құрылған, олардың оқулық сапасына біз жауапты емеспіз, оған баспа немесе БҒМ жауап береді деген сөздері шын­­дық па? Осы қызмет бас­тықтарының жиі ауысуы сы­­бай­лас жемқорлықпен бай­ланысты емес пе?

4.Бізде сарапшылардың қатары қандай тәртіппен құрылады? Олардың оқулық жазудағы біліктілігін кім анықтайды?

5.Оқулықтарды әрбір төрт жыл сайын ауыс­тыру­дың қандай негізі бар? Осы мәсе­лені қарастырғанда озық шетелдердің оқулықтарын тұрақты ұстайтын себебі ескерілді ме (Мысалы, Ұлы­­­­­­британия)?

6.Оқулықтар бағасының жыл сайын шарықтай өсуінің се­бебі неде? Мәселен, бір-ақ жылда оқулықтар бағасының 2-3 есе өскенін көріп отырмыз. Бұл бағалар Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен келісілді ме?

Біз Үкімет басшысынан осы сұрақтарға жазбаша жауап беруді өтіндік.

Ирина СМИРНОВА,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар