Аймақтар • 21 Мамыр, 2018

Латын әліпбиімен диктант жазды

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық тіл­дер­ді дамыту бас­қар­ма­сы­ның ұйым­дас­ты­руымен мем­­лекеттік қызмет көр­се­тетін ұйымдардағы қыз­мет­керлер арасында олар­дың латын әліпбиінде жазу дағ­дыларын қалыптастыру мақ­сатында «Латын әліп­биі тілімізге серпін бере­ді» атты жаппай дикта­нт жазу акциясы өтті. 

Латын әліпбиімен диктант жазды

Атал­ған акцияға «Қазақстан Ха­лық банкі», «Қазпошта» ак­ционерлік қоғамдарының об­лыстық филиалдары, жер­гілікті жүйелер телеком­му­никациялар тора­бы, об­лыс­тық халыққа қыз­мет көр­сету орталығы, білім бе­ру және денсаулық сақтау саласының қызмет­кер­ле­рі­нен құралған 250 адам қа­тысып, латын әліп­биінде дик­тант жазды. Диктант жа­­зу акциясы М.Х.Ду­ла­ти атын­­дағы Та­раз мем­ле­кет­тік уни­вер­си­те­­тінің тех­но­ло­гиялық ке­ше­­нінде өтті.

«Латын графикасына не­гізделген қазақ тілі әліп­би­інде диктант жазу ак­ция­сы­ның негізгі мақсаты әр­бір азаматтың, әсіресе қыз­мет­керлердің жазу дағ­ды­ларын қалыптастыру бол­ды. Аталған акцияны бұ­дан кей­ін де жалғастыру жос­парда бар», дейді басқарма бас­­шысы Сұлушаш Құр­ман­бекова.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы