Қазақстан • 21 Мамыр, 2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі-баспасөз хатшысы Айдос Қыдырма қызметінен кетті.

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі- баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтадым. Тапсырылған сенімі үшін Бақытжан Әбдірұлына, көрсетілген қолдау үшін БАҚ өкілдері мен бірге жұмыс атқарған қызметтестерге үлкен алғыс айтамын», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

«Алдағы еңбек жолымды дипломатиялық қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі ретінде жалғастыратын боламын», - дейді А.Қыдырма.