Руханият • 21 Мамыр, 2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

542 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомын шығарды.

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

Аталған фотоальбомның бірінші данасын сыйлыққа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов алды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова: «Біз бұл фотоальбомды Бурабайдың бірегей табиғи ерекшелігін әлемге көрсету үшін шығаруды ұйғардық. Мемлекет басшысы осы өңірде болған кезде оның сұлулығына әрдайым таң қалады. Бурабай өңірі Абылай ханмен байланысты ұлы тарихқа ие. Осы өңірге  байланысты көптеген әсем аңыздар да бар. Жаңа фотоальбомның арқасында қазақстандықтардың және шетелдік туристердің назарын Қазақстанның інжу-маржанына аудара аламыз деген сенімдеміз».

«Сондай-ақ Астананың 20 жылдығына арналған «A day in Astana» фотоальбомымызбен өз қуанышымызды бөліскіміз келеді. Осы фотоальбомның негізінде біз «Астана – Ұлы даланың жауҺары» фотоальбомын дайындадық. Көрме Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Мадридте, Алматы мен Астана қалаларында өтті. Таяу күндері көрмені Тараз қаласының тұрғындары да көре алады».

 Біздің фотокөрмеміз Мадридте БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік Туристік ұйымның ғимаратында өткен кезде аталған ұйымның қызметкерлеріне фотокартиналардың ұнағаны соншама, олар елордаға міндетті түрде келуді жоспарлады. Биылғы жазда олар Испания астанасынан өз мотоциклдарымен шығып 20 күн жолда болып, Астанаға келмек. Болашақта Қазақстанға сапарлары туралы кітап шығармақ».

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Ақмола облысының әкімдігі арасында 2017 жылдың 26 ​​мамырында қол қойылған өзара қарым-қатынас туралы Меморандум аясында бүгінгі таңда мәдени және әлеуметтік салаларда белсенді жұмыс атқарылып келеді.

Ақмола облысындағы балалар «Көшбасшы жолы», сондай-ақ алғашқы балалар паралимпиадасы сияқты Қор жобаларына қатысуда. Ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік шаралар жыл сайын Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде, соның ішінде Ақмола облысында өткізіліп отырады.

Биыл Бурабайда трансшекаралық ынтымақтастық, IT және нано-технологияларды дамыту бойынша BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтеді. Бірінші форум 2017 жылы өтті. Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырды. Форумның негізгі мақсаты отандық және ресейлік жас ғалымдардың ғылыми-теориялық және практикалық байланыстарын нығайту, трансшекаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық, ғылым, экономика, бизнес серіктестікті кеңейту және туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады. Былтырғы форумның маңызды нәтижесі шекаралас мемлекеттердің мемлекеттік органдарына экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін бірлескен Қазақстан-Ресей сараптамалық кеңесінің құрылуы болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Тұңғыш Президент Қоры Қазақстанның қасиетті жерлері туралы әңгімелейтін «Qazaq quest» Интернет-хабарламасы; Астана мен Бурабайға арналған фотоальбомдар; «Астана – Ұлы даланың жауҺары» сияқты жобаларды іске асырды. 

Таяуда әлеуметтік желілерде қордың «Qonaqjai Elim» Интернет -жобасының бірінші эпизоды шықты, онда Қазақстанның көпұлтты халқы туралы баяндалады. Жоба барша қауымды Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлттардың дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тағамы мен тұрмысымен  таныстырады.

 Сондай-ақ еліміздің вундеркинд - балалары және қазақстандық қаҺармандары туралы «Wunder Qazaqstan» және «Qaharman Qazaq» Интернет-жобалары әзірленуде.