Астаналар шеруін айғақтайтын шежіре

Көрмеде 1920 жылдан 1950 жылға дейін Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Мәскеу қалаларында жарық көрген 100-ден астам ерекше кітаптар, мерзімді басылым­дар, Қазақстан астаналары та­ри­хының жекелеген кезеңдері көр­сетілді.

Егемен Қазақстан
22.05.2018 442
Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана елордамыздың 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік шара қарсаңында «Әлем астаналарының шежіресі» атты халықаралық кітап көрмесін өткізді.

Айтулы шараға Мә­де­­ниет және спорт минис­трі Арыстанбек Мұ­ха­ме­ди­ұлы, белгілі мемлекет және қо­­ғам қайраткері Мыр­за­тай Жол­дасбеков, Ресей Феде­ра­­циясының Қазақ­стандағы Тө­тенше жә­не өкілетті ел­ші­сі Алексей Боро­давкин, Гер­ма­нияның Қазақ­стан­да­ғы Тө­тен­ше және өкі­лет­ті елшісі Ро­льф Мафаэль, Қазақ­стан Жа­­зу­шылар одағы бас­қар­ма­сының төрағасы Ұлық­бек Ес­дәулет, «Егемен Қазақ­стан» газеті» АҚ Басқарма төр­ағасы, Дар­хан Қыдырәлі және Ұлттық ака­демиялық кітапхананың бас­шысы Үмітхан Мұңалбаева, сонымен қатар бірқатар ТМД және әлем елдері ұлт­тық кітап­ха­наларының жетек­ші­лері, Қазақ­станның ұлттық және ай­мақ­тық кітапханалары, ғы­лыми және шығармашылық зия­лы қауым өкілдері, баспагер­лер, мем­лекеттік мәде­ниет, білім жә­не ғылым институттарының жау­апты қызметкерлері, кітап­ха­нашылар қатысты.

Көрменің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Мәде­ни­ет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы осы ша­ра­­ға алыс-жақыннан келген бар­лық қонақтарды Астананың 20 жылдық мерекесімен құттық­тай отырып, алғысын айтты. «Бұл бәрімізге айтулы мереке. Осы мереке аясында өтіп жатқан «Әлем астаналарының шежіресі» атты халықаралық кітап көрмесінің орны бөлек. Рухани жаңғыру бүгінгі таңда елі­міздің алға қойған бірін­ші мақсаты деуге болады. Осыны ұйым­дастырған Ұлт­тық кі­тапханаға, Қазақстан Жазу­шы­лар одағына және өзге де атсалысқан ұйымдарға рақмет айтамын», деді ол.

Елорданың іргетасын бірге қа­ласқан ел ағасы, мемлекет жә­не қоғам қайраткері Мыр­затай Жолдасбеков Аста­на­ның алғаш құрылған кез­дегі жағ­дайын еске алып, оның бүгін­гі бет-бейнесіне тоқтала келе: «Мен Астананы мақтан тұтамын, оны әрқайсымыз қастерлеп, мәпелеп сүюіміз керек. Бүгінгі шара сондай бір танымдық, мәдени, рухани ауқымды шара болды. Жастар осыны жанымен сезініп, пайдаға жаратса игі», деді.

Сондай-ақ Ресей Федера­ция­­­сының Қазақстандағы Тө­тен­­ше және өкілетті елші­сі Алексей Бородавкин де сөз сөй­­леп: «Ең алдымен бар­лық­­тарыңызды Астананың 20 жылдық мерейтойымен құт­тық­тағым келіп тұр. Бұл бар­ша қазақ үшін ғана емес, Қазақстандағы барлық халық­тар үшін де айтулы мереке. Осы аз уақыттың ішінде Астана Қазақстанның жаңа орталығы ре­тінде бекіп, барлық халық мақ­танатындай деңгейде дамы­ды. Астана дамудың жақсы үлгі­сін көрсетіп келеді. Себебі эко­номикада да, әлеуметтік даму­да да, қаржы жағынан да Астана алда келеді және бұл қала халықаралық келіссөздер алаңына айналды. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның дамуына қо­мақты үлес қоса алатын же­тіс­тік деуге болады. Мен Ресей­дің де Астананың дамуына үлес қосып жатқанын атап өткім келеді. Экономика мен бизнес, мәдениет салалары бойынша да екі мемлекет ара­сын­да достық байланыс ны­ғая бер­мек», деді. Сонымен бір­ге өз­ге де қатысушылар сөз сөй­леп, «Әлем астаналарының ше­­жіресі» атты халықаралық көр­­мені өткізу мемлекет­тер ара­сындағы қарым-қа­ты­нас­тар­да іргелі факторлар саналатын мәдени, ғылыми және білім бе­ру байланыстарын нығайту үшін өте маңызды екенін айтты.

Көрме аясында Ұлттық ака­де­миялық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қыз­меті «Қазақстан астана­ла­рының тарихы туралы сирек кітаптар» көрмесін дайындады. Көрмеде 1920 жылдан 1950 жылға дейін Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Мәскеу қалаларында жарық көрген 100-ден астам ерекше кітаптар, мерзімді басылым­дар, Қазақстан астаналары та­ри­хының жекелеген кезеңдері көр­сетілді.

Іс-шараны жүзеге асыру барысында әлемнің ірі кітап­ха­налары Астана тұрғын­да­ры мен қонақтарына арнап астаналар­ды көшірудің әлемдік хроникасы туралы, әлем елдерінің тарихын анықтауға үлес қосқан шығармалар мен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысы бар жазба мұралар туралы мол мағлұмат беретін сирек басы­лымдар мен фотоколлекция­лар­дан құралатын деректі көр­ме­лер ұйымдастырды.

Көрмеде Италияның Амбро­з­и­ана кітапханасының құнды үш қол­жазбасының көшірмелері ұсынылды. Олар: Леонардо да Винчидің басты көмекшілері – Ренессанс дәуірінің ұлы мате­матигі Лука Пачолидің «De Divina Proportione», Симон Мартинидің миниатюралары бар IV-V ғасырдағы ежелгі грек кодексі «Ильяс-Пикта», Фран­ческо Петрарканың Вер­ги­лия жұмыстары бар қол­жа­з­басы.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасын іске асыру мақ­са­тында ұйымдастырылған көр­ме – тарихи мұраны наси­хат­тауға бағытталған және Қазақстанның мәдени және тарихи құндылықтарының халықаралық маңызын арттыратын ірі мәдени-имидждік жоба екенін айғақтады.

Көрме аясында әнші Бағ­дат Сәмединова «Астанаға сә­лем» әнін шырқаса, жапон елі­нің әншісі Риоко Мичида Ұлық­бек Есдәулеттің сөзіне жазыл­ған композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әнін орындады. Риоко Мичиданың айтуынша, ол 2016 жылы Хиросимаға ресми сапармен барған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында осы «За­ман-ай» әнін жапон тілінде шыр­қап берген екен.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу