Қазақстан • 22 Мамыр, 2018

Астанада «Қазақ­стан музейлері» атты анық­тамалықтың тұсаукесер рәсімі өтті

1281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музей­де Мәдениет және спорт ми­нис­тр­­лігінің қолдауымен Ха­лық­­аралық музейлер күні ме­рекесіне орай жаңадан құ­рыл­ған «Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлес­тігінің салтанатты ашылуымен қатар, елімізде тұңғыш рет үш тілде жарық көрген «Қазақ­стан музейлері» атты анық­тамалықтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Астанада «Қазақ­стан музейлері» атты анық­тамалықтың тұсаукесер рәсімі өтті

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов және өңірлердегі мәдениет бас­қар­маларының басшылары, респуб­ликалық мәртебеге ие музей-үйлер­дің директорлары мен жетек­ші қызметкерлері келіп қатыс­ты.

Салтанатты шараны ашқан департамент директоры Әбіл Жоламанов: «Музей – ұлттық ғылым мен мәдениеттің қоры жинақталған мекеме. Еліміз тәуелсіздік алғалы жаңадан 75 музей ашылыпты. Қазіргі таңда ол халқымыздың тарихы мен этнографиясын насихаттайтын бірден-бір орынға айналып отыр. Бұның барлығы мемлекет тарапынан мәдениет-руханият саласына қолдау білдіріліп келе жатқандығының айғағы» деді.

Өз кезегінде сөз алған Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов, мә­дени мұраларды сақтап, оны насихаттауға, жастардың тарихи санасын жаңғырту ісінде музейдің алатын орны ерекше екенін айта отырып,  бүгінгі таңда бұл мекеменің басты мін­деті – халықты өзінің тарихы, өнер-мәдениетімен жіті таныс­тырып, келер ұрпақты ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үйрету, – деп сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың «Цифрлы Қа­зақ­­стан» бағдарламасының ая­сын­да жарық көріп, аталмыш шара барысында тұсауы кесілген «Қазақстан музейлері» анықтамалығы еліміздің барлық мәдени мекемесі мен ұйымдары және жеке тұлғаларға арналған құнды еңбек десек жарасады. Бұл еңбекке республика аумағында орналасқан 238 музей жайлы электронды карта енгізіліп, ол 3D форматында жасалыпты. Осы арқылы саяхатшы-туристердің еліміздегі музейлер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»