Қазақстан • 22 Мамыр, 2018

Ұлттық музейде «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» көшпелі көрмесі өтіп жатыр

552 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және Ұлттық музейдің Ғылыми кітапхана және жазба ескерткіштерді зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен ашылған «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» көшпелі көрмесіне қойылды.

Ұлттық музейде «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» көшпелі көрмесі өтіп жатыр

Мазмұны қасиетті Рамазан айы­мен сәйкестендірілген көр­ме­ге Түркістанда алғаш ислам діні­нің негізін қалаушылар Ис­қақ баб, Абд әл-Жалил бабтың дін­ді таратуы жайлы насабнамалар, Ахмет Ясауидің шежіресі жазыл­ған насабнама, Ахмет Ясауи­дің мөрі, Диуани хикмет, қол­жаз­ба­лар, дұ­ға кітаптар, пайғам­бар­лар өмірі жазылған көне кітап­тар, фих мә­селелері, т.б жәдігерлер қойылды.

Көрменің ашылу рәсімінде Ұлттық музейдің Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Дәулеткерей Құсайынов: «...ХVI ғасырда өмір сүрген жазу­шы, сатирик, педагог Эразм Рот­тер­дамский: «Мен үшін жер­ұйық – кітапханам қайда болса, сол жерде» депті. Ұлттық музейде тұрған Күлтегін ескерткіші де дана халқымыздың сөз маржандары, мақал-мәтелдері, тарихы, даналығы жазылған кітаптың алғашқы нұсқасы болмақ. Кітап­ты ұлықтайтын бұл мереке ата-бабамыздың ерте заманнан бері жиған асыл, дана сөздеріне тағ­зым ету болып табылады», деп өз пікірін білдірді.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат музей қорында сақталған көне кітаптарды, қолжазбалар мен насабнамаларды, халқымыздың сан ғасырлық рухани байлығын болашақ ұрпаққа ұдайы насихаттап, мүлтіксіз жеткізіп отыру болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директоры Гүл­жанат Дүйсенбаева: «Халық­ара­лық музей күніне орай ұйымдастырылған бұл шара Ұлт­тық музей мен біздің орта­лықтың арасындағы шынай­ы әріптестік қарым-қатынасымыздың жар­қын көрінісі деп есептейміз. Түр­кістан қаласынан Астанаға Ясауи бабамыздың шежірелері, хикметтері, мөрін алып келдік. Ата-бабаларымыздан қалған қасиетті мұраны өскелең ұр­паққа аманат етіп, қаз-қалпында жеткізе білсек, ойлаған ісіміздің жүзеге асқаны. Сондықтан да көздің қара­шығындай сақтап келе жатқан бабамыздың құнды кі­таптарын Астана жұрт­шы­лығының назарына ұсынып отыр­мыз», деді.

Қаршыға КҮЛЕН