Аймақтар • 22 Мамыр, 2018

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда болған трагедиядан кейін арнайы комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексеріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді.

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

Оның айтуынша, екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

- Барлық лифт шаруашылықтарына тексеру жүргізіледі. 94 көп қабатты тұрғын үйде 266 лифт орнатылған. Оның 32-сі жұмыс істемейді, жетеуі жүк лифті, - дейді Талғар Хайруллин.

Трагедия болған үйдегі жүк лифті 2012 жылы демонтаждалған, есіктері дәнекерленген.

- Жасөспірімдердің лифт шахтасына қалай кіргендерін тергеу жұмыстарын арнайы құрылған комиссия анықтайды, - дейді Т.Хайруллин.

Жазатайым оқиға болған тұрғын үй 2007 жылы салынған, 2010 жылы 16 үй күрделі жөндеуден өтті, сол кезде лифтілер де жөнделген. Лифтілерді іске қосумен «Каспий лифт» ЖШС айналысады, ПИК, пәтер иелері мен аталған мекеме арасында үшжақты келісім жасалған.

Айта кетейік, 21 мамыр күні сағат 23:30-да Алмагүл шағын ауданындағы №19 үйдің 15-қабатынан жүк тасымалдайтын лифтінің шахтасына екі жасөспірім бала құлап, мерт болды.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»,