Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Астанада дауыл ескертуі жарияланды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше 23 мамыр Астанада солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада дауыл ескертуі жарияланды

Ақмола облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%. 

Астана ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады: 

- мұқият болыңыз, ауа  райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!