Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Чехияның астанасы Прага қаласында «Таланттарға сәлем» жобасы аясында XIII халық­аралық балалар фестивалі өтті. Аталған фестивальға елордадағы №54 мектептің талантты оқушылары да қатысқан еді. Оқушыларды бастап барған Мәншүк Мұ­саеваның айтуына қа­рағанда, қаржы бөлу мәсе­лесі қалалық білім бас­қар­масында арнайы қа­ралып, оң шешімін тапты. 

«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды

Еуропа төріндегі өнер сайы­сына барған «Нұр­ша­шу» би ансам­блінің өнер­лі қыз­дары ұлттық би мәнерін­дегі шығар­ма­ларымен көрер­мендердің көз­айымына айналып, жүлделі екінші орынды же­ңіп алды. Бұл фестивальда нағыз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар­лар ғана бақ сынады.

«Очерование Богемии» атты балалар мен жасөспірімдер шы­ғармашылығының беделді халықаралық фестивалі 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жолы өнер сайысына әлемнің жеті мемлекетінен 250-ге тарта жасөспірім қатысқан. Олардың ішінде Ресей, Өзбек- с­та­н, Литва, Чехия сынды елдер бар. Қазақстанның намысын қорғаған «Нұршашу» қыздар би ансамблі 12 жылдан бері үміт­терін үкілеп келеді екен. Бұл жол­ғы жеңіс соның нәтижесі.

Топтың көркемдік жетекшісі Мәншүк Мұсаеваның айтуынша, аталмыш фестиваль балалардың ой-өрісінің өсуіне де, ел көріп, жер көріп, талантының ұшта­луына да септігін тигізді. «Жеті мемлекеттің ішінде екінші орын алу – біз үшін үлкен жетіс­тік. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағынды­ра­ты­нымыз сөзсіз. Мен осы арада білім ұясының басшысына, ұжым мүшелеріне ерекше ризалығымды білдіргім келеді. Ай­рандай ұйыған ортаның береке-бірлігі болмаса, мұндай жеңіс тұғырынан көрінуіміз екіталай еді», дейді ол.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»