Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Семей орманында атышулы өрт оқиғасынан кейін, келген шығындарды есептеу жұмыстары қолға алынуда. Бұл биыл алғаш рет тіркелген оқиға болып отыр. 

Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ

Орман резерватында былтыр 250 өрт оқиғасы болса, олардың барлығы да күн күркіреп, ағаштарға найзағай түсуі сияқты табиғат құбылысына байланысты болыпты. Және тұтанған кезде бірден өшіріліп отырған. Себебі, қазірде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында өрт оқиғасын алдын ала үш күн бұрын анықтай алатын құрал-жабдық орнатылыпты. Түгелдей болмаа да, қанатқақты жоба ретінде орманның біраз тұсындағы қадағалаушы мұнаралардың басында тұр. Сондағы бақылау жүйесінің белгілері мекеме ішіндегі кезекші операторға дереу түседі екен.

-Бұл Семей орманының барлық филиалдарында әзірше орнатылған жоқ, қанатқақты жоба ретінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің көмегімен орнатып едік, көп пайдасы тиетіндігін аңғардық,-деді «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының директоры Мұрат Дәулетов,-мәселен, найзағай түсіп, ол жерде көңірсіп, от жанып жатуы мүмкін. Сол кезде күні кешегідегідей қалың өрт алып кетпес үшін, осы жүйе бізге алдын ала сәл ғана шыққан түтінді көрсетіп хабарлайды. 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді. Кезекші оператор белгіні көріп, дереу өрт сөндірушілерге хабарласады.  Әрине, кеше өртенген тұста бұндай құрал-жабдығы бар, бақылау жүйесіне тіркелген монитор болмады. Бұндай жабдық Бесқарағай ауданындағы бөлімшелерімізде де жоқ болып отыр. Мәселен, Беген, Долонь, Бөкебай, Талица, тіпті Семей филиалының біраз жерінде әлі орнатылмаған. Жақында ғана мемлекет тарапынан осы қанатқақты мұнаралық қадағалау жүйесі қолдау тапты. Соған орай алдағы уақытта  Семей орманы мен көрші Павлодардағы Ертіс орманы аумағына осы жабдық толық орнатылатын болды.Бұл орманшылар үшін аса қажет бақылау жүйесі.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ