Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Эволюцияның 15-ші жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» атты Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады.

Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бүгінгі медиа осыдан бірнеше жылғы БАҚ-қа түбегейлі ұқсамайды. «Біздің айналамыздағы өзгерістерге келсек, бұл туралы айтатын нәрсе жетерлік. Ақпарат құралдары түбегейлі өзгерді. Ең алғаш рет 2002 жылы Алматыда бас қосқанда бүгінгі сан түрлі әлеуметтік желілердің бірі де болмады. Бұл жаңа технологиялар біздің өмірімізге айналдырған 1-2 жылда еніп, ажырамас бөлігіне айналды. Пейджер деген сөз ұмытылды. Телефондарды тек көне фильмдерден көреміз. Теледидар жәшігі сұйық экранға айналды. Смартфон қазір қалтаға сыйып кететін компьютер», - деді Дариға Назарбаева.

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау. Форумның алғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталды.

Соңғы жаңалықтар