Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпараттық-аналитикалық орталықтың бастамасымен Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде Балаларды қорғау күніне орай мұқтаж жандарға  қамқорлық жасау мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді.

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

Акцияға Департаменттің барлық бөліністері қатысты. Жиналған қаражатқа 11 аз қамтылған көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен, оқу құралдарымен, киіммен материалдық көмек  көрсетілді.

-Жыл ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері әртүрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді, аз қамтылған отбасыларға көмектесуге тырысамыз, балалар мерекесі қарсаңында оларға жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деп шештік. Жүрек түкпірімізде  көмегіміздің тек қуанышқа ұласатынына сенімдіміз. Аталған акцияларды  тек бірінші рет қана емес, тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, дейді департамент баспасөз қызметінің қызметкері Шолпан Юлдашева.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар