Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Өңір активімен және жұртшылығымен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынасты сақтау бағытын дәйекті жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. 

Егемен Қазақстан
23.05.2018 2785

Сенат төрағасы Елбасының басшылығымен еліміз экономикада және қоғамдық-саяси салада ауқымды реформаларды табысты жүргізіп отырғанын айтты.

- Әлемде бізді бейбітшілік сүйгіш ұлт, ұлттық құндылықтарды өркендетумен және ұлттық рухты нығайтумен айналысатын біртұтас халық ретінде біледі, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат Спикері Атырау облысын ұлттық экономиканың көшбасыларының бірі деп атады. Өңір жалпы, соның ішінде жан басына шаққандағы өңірлік өнім, өнеркәсіптік өндіріс, шетелдік инвестицияларды тарту сияқты көрсеткіштер бойынша жетекші орын алады. Басты өңірлердің бірі болып табылатын облыс республикалық бюджетке қомақты үлес қосады.

Қ.Тоқаев технологиялар, инновациялар, цифрландыру салаларындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты ұлттық экономиканың алдында тұрған сын-тегеуріндерге жете тоқталды. 

- Өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің ойдағыдай дамуының жаңа векторын қалыптастырды. Оны іске асыруға біз әбден ойланып баруға міндеттіміз, бұл мәселе бұлғақтауды көтермейді, әдемі сөздер мен терминдер нақты істі көлеңкесінде қалдырмауы тиіс, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөйлеу барысында Қазақстан технологиялық жаңғырту, инновациялық индустрияландыру, адам капиталын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық секторды, көлік және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында жүзеге асыруы тиіс міндеттер айтылды.

Мемлекеттің азаматтардың әл-ауқатын арттыруға күш салуы туралы айта келе, Қ.Тоқаев ең алдымен жастар мен жас отбасын қолдауға бағдарланған президенттік әлеуметтік бастамаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстанның жаңаруында жаңа ұлттық идеологияны қалыптастыратын қоғамдық сананы жаңғырту ерекше орын алады.

Спикер түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруда өз халқының тарихына, дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиеленген, сонымен бірге прогресс пен инновацияларға дайын қазақ жастарының жаңа буыны шешуші рөл атқаруы тиістігін атап көрсетті.

Сенат Төрағасы кездесуге қатысушыларды Парламенттің Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған заңнамалық қызметі туралы хабардар етті.

- Біз, депутаттар, өз тарапымыздан өңірлерді тиімді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды заңнамалық қамтамасыз етуге дайынбыз, - деп атап көрсетті өз сөзінің қорытындысында Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының бастамаларын Атырау облысы тұрғындарының кеңінен қолдағанын айтып өтті. Алға қойған міндеттерді орындау үшін жергілікті билік бар күшін салады.

- Бұл үшін барлық жағдай – қаржылық, адами капитал, өңір азаматтарының өмірін жақсартуға ұмтылысы бар. Біз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін заңнамалық бастамаларға ризамыз. Атырау облысы мұнай өндіруші өңір болып саналады, алайда соңғы жылдары экономиканың басқа да салаларын дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар өңірді жергілікті өндірушілердің тауарларымен қамтамасыз етуге жағдай туғызды. Жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты сервистік қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шағын және орта бизнес дамуда, - деді өз сөзінде Нұрлан Ноғаев. 

Кездесудің аяғында  Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді азаматтық ұстанымы және мәслихаттардың жұмысына қосқан үлесі үшін Атырау облысының бірқатар депутаттарын құрмет грамоталарымен марапаттады.    

Актив аяқталғаннан кейін Сенат төрағасы өңірдің бірқатар өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу