Мәжілісте әлеуметтік салаға қатысты құжат мақұлданды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығма­тулиннің төрағалық етуімен Палатаның жалпы отыры­сы өтті. Онда әлеуметтік қамсыз­дан­дыруға қатысты заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Егемен Қазақстан
24.05.2018 1980

Мәжіліс Төрағасы мақұлданған жаңа заң жобасының қазақстандықтар үшін маңыздылығына тоқтала отырып, құжат Елбасының екінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға септігін тигізетінін, төмен жалақы алатын жұмысшылардың салық жүктемесін 10 есеге азайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Бүгін біз әлеуметтік маңызы зор тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ең бастысы – бұл құжат тікелей Елбасымыздың бес бас­тамасында айтылған екінші бас­та­­ма­­­ны жүзеге асыруға бағытталып отыр.­ Осы өзгерістер жалақысы төмен аза­­­­­мат­­­­­­тары­­мыздың табысын көбейту­ге зор ық­пал ететіні сөзсіз», деді Н.Нығ­матулин.

Құжатта қарастырылған түзетулер Салық кодексі мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңға енгізілмек. Атап айтқанда, еңбекақысы айына айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыскерлерге салынатын салық мөлшерлемесі азаяды. Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы бастаманың нәтижесінде, елдегі жұмысшылардың кемінде үштен екісінің, яғни екі миллионнан астам адамның жалақысы көбейеді. Оның үстіне, жұмыс беруші­лерге ауыртпалық салынбайды.

Заң жобасы аясында бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамға ай сайын мем­ле­кеттік жәрдемақы төлеуді енгізу қарас­тырылған.

Сондай-ақ депутаттар атаулы әлеу­мет­тік көмекті тағайындау және төлеу кезеңін нақтылау, әлеуметтік келісім­шартты ұзарту және оның ереже­лерін өзгерту талаптарын және шартты ақшалай көмекті алушылар санаттарын нақтылау бөлігіне түзету енгізді.

Заң жобасы бойынша балаларды оңалтуды ерте қолға алудың м­аңыз­дылығын ескере отырып, аудан орта­лықтарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдау кабинеттерін ашу жоспарланған.

Осы ретте басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және жасына байланысты зейнеткерді, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамды күтіп-бағу кезеңдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосу бойынша қосымша түзетулер енгізді.

Бұдан бөлек, отырыста депутаттар тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, заң жобасы­ның мақсаты – венчурлық қаржылан­дыруды дамыту үшін құқықтық база құру және инновациялық қызметті мемле­кеттік қолдау жүйесін дамыту. Сонымен қатар венчурлық қызмет­ті қолдаудағы мемлекеттің рөлі күшей­тіледі. Инвесторлардың, басқарушы компа­ния­лардың, венчурлық қорлар­дың өздерінің өкілеттіктерін және міндет­терін жүзеге асырудағы қарым-қатынас­тарын реттеу үшін жаңа шарттық құралдар енгізіледі.

Сондай-ақ түзетулер индустриялық-инновациялық қызметті қолдау шараларын толықтырып, венчурлық қорларға мемлекеттік қаржыландырудың жаңа тетігіне айналмақ.

Индустриялық-инновациялық ин­ф­ра­құрылымның элементі ретінде вен­чур­лық қордың анықтамасы, даму инс­титуттары және басқа да ұлттық ком­паниялар арқылы венчурлық қор­лар тарапынан тең қаржыландыру мүм­кіндігі, тиімділікті бағалауға негіздел­ген тәсілдерді енгізу мәселелері де қарастырылған.

«Заң жобасын қабылдау арқылы жеке венчурлық капитал нарығын ын­та­лан­дыру, цифрлы және басқа да ин­но­­вациялық шешімдерді әзірлеуші­лер­дің өз экожүйелерін дамыту, нақты сек­тордың инновациялық белсенділігін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, интеллектуалды ресурстар ағынын көбейту сияқты жұмыстарды атқарамыз», деді ведомство басшысы.

Жалпы отырыста «Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлау туралы» Қазақ­стан Республикасының Конституциялық заңы­на өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы талқыға түс­ті. Аталған мәселе бойынша Әділет ми­нис­трі Марат Бекетаев баяндама жасады.

Конституциялық заң жобасында мәслихаттардың депутаттарын сай­лаудың пропорционалды жүйесін енгізу қарастырылған. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу ұсынылады. Округтік сайлау комиссия­лары таратылады. Сонымен қатар заң жобасының жаңалықтардың бірі сайлаушылар тізімін цифрландыру болып табылады.

«Мәслихат депутаттарын сайлау процесін жетілдіруге байланысты аудандық сайлау комиссияларын жою ұсынылады. Олардың қызметтері мен өкілеттіктері аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Олардың екі мүшесі өздерінің өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады», деді министр.

Ведомство басшысы ауылдық дең­гейдегі әкімдерді сайлау қалай жүргі­зі­летінін түсіндірді. Әкімді жергілікті тұрғындар жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Бұдан бө­лек, жеке тұлғалар туралы мем­ле­кет­­тік деректер базасын интеграция­лау арқы­лы сайлаушылардың тізімдерін құрастыру тәртібін қайта қарау ұсынылады.

Сонымен қатар Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарға, саяси пар­тияларға және мемлекеттік қызметке қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Сонымен аталған заң жобасы депутаттар тарапынан мақұлданды.

Мәжіліс, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты заңнамалық түзетулерді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заң жобаларын түзетулермен мақұлдады.

Бүгінгі күні Палата тиісті комитет­тердің ұсынысымен агроөнеркәсіптік кешен­ді реттеу туралы заңнамалық түзе­ту­лерді, сондай-ақ есірткі, психотроп­тық заттар, сол тектестер мен прекурсор­лар ай­налымын бақылауды жалғастыруға қа­тысты жұмысты одан әрі жүргізетін болды. Бұдан бөлек, депутаттар Қазақ­стан-Қырғызстан мемлекеттік шекара­сын шегендеу туралы шартты рати­фи­ка­ция­­лау туралы заң жобасын жұмысқа алды.

Отырыс соңында бірқатар депутаттар орталық мемлекеттік органдардың басшыларына сауалдар жолдады.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу