Спорт • 24 Мамыр, 2018

Стадионға жарымаған Маңғыстау

411 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ақтау мен Шымкенттің арасы 2186 шақырым жер. Бұл аралыққа Еуропаның бірнеше мемлекетін сыйып кетеді. Мұны неге айтып отыр дерсіздер? Себебі футбол географиясына салып қарасаңыздар осыншама аумақта футбол ойнауға рұқсат етілген бір ғана стадион бар. Иә, Ақтау қаласының намысын қорғайтын «Каспий» футбол клубы ойындарын Шымкентте өткізеді. Мұнайлы Маңғыстау жерінде бірінші лиганың ойын­дарын өткізетін дені дұрыс стадион жоқ.

Стадионға жарымаған Маңғыстау

Әлеуметтік желіде қалжың­дап, астарлы мысқалмен пікір жазушылардың бірі: «Каспий» сонау алыстағы Шымкентке барып ойнағанша, түбінде тиіп тұрған Бакуге барып ойнай сал­май ма?» депті. Жалпы, қа­зақ футболында қисынсыз әңгі­ме көп қой. Бірақ, мынау енді ешбір ақылға сыймайтын жағ­дай. Футбол негізі о бастан жан­күйер­лер үшін арналған ойын. Ста­дионға барып, трибуна толты­рып отыратын көрермен болмаса, ол футбол кімге керек? Көрер­менсіз өткен спектакль секіл­ді болмай ма?

Ал негізі «Каспий» клубының тарихы бай. Кезінде әжептәуір дүр­кіреген де еді. 1996 жылы бұл команданың бапкері атақты Құр­бан Бердыев болған. Сәрсен Кел­жанов екеуі бұрын-соңды қазақ даласында болмаған ерекше тактика құрып, футболшыларды даярлаудың соны әдіс­темесін қолданған. Сол жы­лы «Мұнайшы» командасы Қазақ­стан кубогының фина­лында ой­нады. Құрамында кейін­нен «Динамо» (Киев) сапын­да жар­қылдаған Иван Ярем­чук, та­нымал бапкер болып жүрген Дмит­рий Огай, «Дина­мода» (Мәс­кеу) тер төккен Вла­димир Ры­­ков секілді футболшылары бар еді. Сол жылы маң­ғыс­­­­тау­лық клуб «ҚазМұнайГаз» ком­­па­ния-
­сы­ның демеушілігімен ішкі бірін-
­шілікте 4-орын алды. Қа­зақ­стан Президенті кубогы­на қа­ты­сып, Бразилияның «Флу­ми­нен­се» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірақ, кейіннен қаржы мәсе­лесі қиындап, команда ауыр кезең­дерді бастан өткерді. 1998 жы­лы «Каспий» стадионына жасан­ды алаң төселініп, коман­да өз алаңындағы ойындарын сонда өткізіп жүрді. 2001 жылға дейін жергілікті клуб Қазақстан премьер-лигасында ойнады. Одан бері мінекей 17 жыл бо­йы бірінші лиганың тұрақты қаты­сушысы. Тозығы жеткен стадионға 2005 жылы қайтадан жа­ңа жасанды алаң төселініп, өл­местің күнін кешіп жүреді. Алай­да, ол алаң әлі күнге дейін жаңар­тылмай, 13 жыл бойы тапжыл­май тұрды. Міне, соның салдары­нан «Каспий» стадионы талап­тарға сай келмей, футбол матч­тарын өткізе алмайтын болды. 2017 жылдан бастап «Кас­­пий» клубы ойындарын Шым­­кентке барып өткізіп жүр. Өйт­­ке­ні шырайлы Шымқалада жат­ты­ғу жасайтын база да, ойын­дар өткізетін стадиондар да жеткі­лікті. Ал Маңғыстау облысы фут­болының күні жалғыз осы «Кас­пий» стадио­нына қарап отыр.

Ғалымжан БАЛТІЛЕУ,  «Кас­пий» ФК президенті:

– Бұл стадион жергілікті әкімдіктің балансында.Біз ол жерге барып жөндеу жұ­­мыс­­тарын жүргізе алмаймыз. Әкім­дік қашан жөндейді – сол кез­де ойнай аламыз. Жа­қын арада стадион футбол клубы­ның балансына өтеді деген әңгіме бар. Солай болса тіпті жақ­сы болар еді. Енді құрылыс жұ­мыс­тарының біткенін күтеміз. Әкімдік әйтеуір жеке кәсіп­керлерді тартып, стадион­ды қалыпқа келтірейін деп жатыр. Бірінші лиганың екінші ай­налымы басталған кезде өз алаңымыздағы матчтарды қай­тадан Ақтауда ойнайтын шы­ғармыз деп күтіп отырмыз.

Стадионға жауапты об­лыс­тық әкімдік өткен жылдан бері шарқ ұрып, құрылысқа керекті қаражатты іздестірген. Түбінде жергілікті кәсіпкерлер бас қосып, стадионды қалпына келтіру үшін жұмыла кіріскен. Енді мамыр айының соңына дейін барлығы жоспарға еніп, келесі айдың соңында стадион пайдалануға берілмек. Ол үшін заманауи соңғы үлгідегі жасанды алаң мен оған төселінетін қиыршық Ресейден келуі тиіс.

Нұрбек ҚАРАБАЛАЕВ, Маң­ғыстау облыстық дәне­шы­нық­тыру және спорт басқар­масының басшысы:

– Облыс әкімі Ералы Тоғ­жа­нов қызметке келгелі бері бірінші кезекте осы мәселені ше­шуді тапсырды. Біз бірден іске кірісіп кеттік. Күні кеше ғана облыс басшысы стадионға келіп, құрылыс жұмыстарының басталғанын тексерді. Жақын аралықта барлығы қалпына келтіріледі. Стадионның жасанды алаңнан өзге де жөндеуді қажет ететін тұстары бар. Жарық мәселесі, киім ауысты­ра­тын бөлмелері, бапкерлер отыратын техникалық аймақ­тардың барлығы түгел жөн­деледі. Егер стадион қалпына келіп, командамыз Ақ­тауға қай­та оралса, клубтың да пре­мьер-лигаға шығу мә­се­лесін қарас­тыратын боламыз.

Соңғы 17 жыл бойы премьер-лиганы көрмеген клубтың биыл да жоғары топқа қосылатын шамасы жоқ. Үміт біржолата үзілген. Себебі команда қазір 12 ұжым ойнайтын бірінші лигада соңғы 12-орында келе жатыр. Материалдық және техникалық база қалпына келтірілсе, жылдың соңына қарай «Каспийдің» қайта өрлеуі талқыланады. Қазіргі күні команданың негізгі бөлігі жер­гілікті жастардан құралған. Оның төртеуі: қақпашы Ол­жас Мұқанов, қорғаушы Ай­дар Хус­надинов, жартылай қор­ғау­шылар Мақсат Тәйкенов, Ай­са Сәрсенғалиевтер «Оле Бра­зил» жобасы бойынша Брази­лия­дан тәлім алып келгендер. Ко­манда бас бапкері – Асқар Кел­жанов. Ойыншылар тізіміне көз жү­гіртсеңіз Кот Д`Ивуарлық легионер Драмане Коне мен Магомед Узденовтен басқасы түге­лімен өзіміздің қаракөздер.

Келер жылы команда сапына жақсы деңгейде ойнай ала­тын тәжірибелі 2 легионер шақыр­ты­лып, «Каспий» премьер-ли­га­ға шығуды көздейді. Бір айта кетерлігі, Маңғыстау облысын­да шағын футболдан бірне­ше лига құрылып, 90-ға жуық ко­­манда өнер көрсетеді екен. Ал үлкен футбол лигасы мүл­де құ­рылмапты. Футбол клу­бы­­ның өзі әркімнің стадионын бір жағалап жүргенде, жастар тәр­биелеу ісі қалай оңсын? Ста­дион­ның жөндеу жұмыстары әдет­­тегідей ұзаққа созылып, сиыр­құйымшақтанып кетпесе, Маң­ғыстау футболы қайта жандануы керек. Әйтпесе «Футбол Англияда дүниеге келіп, Маң­ғыс­тауда қайтыс болды» деп жүр­ген жанкүйерлердің әзілі шын­дыққа ұласып кетер.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

«Егемен Қазақстан»