Оралда «Uralsk Green Forum» халықаралық экологиялық форумы өтті

Орал қаласында «Uralsk Green Forum» (UGF) ІІ халықаралық экологиялық форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы ұйымдастырды.

Егемен Қазақстан
24.05.2018 2148

Еліміздегі «Жасыл экономика» тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде былтыр Орал қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған форумды жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдыру идеясы сол кезде-ақ айтылған болатын. Міне, бір жылдан кейін қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар және энергия тиімділігі, қалдықтарды өңдеу салаларындағы сарапшылар, тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары, орталық және облыстық мемлекеттік органдар өкілдері, мұнай-газ компаниялары басшылары, қоғамдық ұйымдар және салалық қауымдастықтар өкілдері – барлығы 150-ден астам адам Орал қаласында тағы бас қосты. Айта кету керек, бұл форум – экология тақырыбында еліміздің ірі орталықтарында емес, өңірде өткізілетін бірден-бір халықаралық жиын екен.

- Біздің өңірде экология тақырыбының қозғалуы тегін емес деп ойлаймын. Себебі, өткен аптада өңірімізге келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Орал қаласын «экологиялық тұрғыда ең таза қала» деп атап өтті. Біз үшін бұл жоғары баға және бұл дәрежені сақтап, оған лайықты болуға ат салысамыз, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов форумның ашылу салтанатында. 

Өңір басшысының айтуынша, Батыс Қазақстан облысында жыл сайын табиғат қорғау жұмыстары күшейіп, тал-терек отырғызу белсенді жүргізілуде. Биылдың өзінде облыс аумағында 70 мыңға жуық түп ағаш отырғызылады, оның 10 мыңы Орал қаласында егіледі. Сондай-ақ химиялық талдаулар Жайық өзенінің соңғы үш жылда тазара түскенін, су құрамында мұнай қалдықтары, аммиак, басқа да зиянды қалдықтар азайғанын көрсетті.  

«Табиғатты аялау – үлкен мәдениеттіліктің көрінісі. Бұл Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген сананы жаңғырту туралы бастамасына сай келеді» деген Алтай Көлгінов аймақтың табиғи байлығы, географиялық тиімді орналасуы, алыс-жақын шетелдермен жолға қойылған шаруашылық байланыстары сыртқы экономикалық дамуды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

- Біздің облыс әлемдік нарық айдынына сенімді қадам басты. Өңір кәсіпорындары бүгінде дүниежүзінің 50 мемлекетімен әріптестік байланыс орнатқан. Бірақ экономикалық дамуды экологиялық қадағалаусыз қалдыруға болмайды, - деді Алтай Көлгінов.

Бүгінде Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық тазалығы шынында да республикалық көрсеткіштерден әжептәуір жоғары. Өңірдегі ірі кәсіпорындар атмосфераны ластаудан қорғайтын заманауи қондырғыларды өндіріске енгізуде. «ҚПО б.в.» компаниясы 2017 жылдан бері бұрғылау орындарында ауаға тарайтын зиянды қалдық мөлшерін азайтатын қондырғыларды пайдалануға көшті. Бұрғылау кезінде шығатын сұйық және қатты қалдықтарды қауіпсіз өңдеп, жоятын «Экологиялық орталық» іске қосылды. Бүгінде облыстың 6 жерінде ауаның ластануын қадағалайтын «СКАТ» автоматты стационарлық бекет жұмыс істейді.

- 2013 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы жасалып, қол қойылды. Оның ең басты бағыты – қоршаған ортаны қорғау болатын. Биылғы Жолдауында да Елбасы еліміздің Экологиялық кодексін жаңғырту мәселесін көтерді. Бүгінгі форумда айтылған, талқыланған ұсыныстар осы кодексті жаңғырту кезінде ескеріледі деп ойлаймын, - дейді «Қазэнерджи» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Кабжанов.

5 маусым – халықаралық экологтар күні қарсаңында өткен жиында «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Эдвин Блом «біз қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогты, сондай-ақ қуат үнемдеу, энергия тиімділігі және қалдықтарды басқару саласындағы заманауи тәсілдер мен шешімдерді қолдаймыз» деді.

Форумның «Экология және энергияны үнемдеудің өзекті мәселелерін шешу үшін мүдделі тараптардың келешегі мен тиімді өзара қатынасы» атты интерактивті пікірталас алаңында сөз алған Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

- 2040 жылдары әлемде электр энергиясына сұраныс 70% артады деген болжам бар. Биыл 15 ақпанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Бұл құжаттың басым бағыттарының бірі – экологиялық мегатрендтерді айқындай отырып, таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне көшу. Қазақстан жаңармалы қуат көздерін дамытуға үнемі ерекше мән беріп келеді. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің де басты тақырыбы болашақ энергиясына арналды. Қазір жасыл технологияны дамытатын халықаралық орталық құру жұмыстары жүргізілуде. Күні кеше ғана 17-18 мамыр аралығында өткен ХІ Астана экономикалық форумының негізгі бағытыда таза энергия және жасыл технологиялар, табиғи байлықтарды сақтау және балама энергия көздерін пайдалану арқылы экономика салаларын жаңғыртуға арналды. Парламент депутаттары да орын алған проблемалардың шешудің тиімді жолдарын табуға бар күшін салады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті қоршаған ортаны қорғау мәселесіне тығыз араласуда. Экологиялық кодекс пен ілеспе заң актілерін талқылаған кезде біз бұл мәселеге ерекше көңіл бөлеміз. Парламент мүшелері жеке бастамаларымен Үкіметке депутаттық сауалдар жолдап, түйінді мәселелерге назар аударып отырады, - дейді сенатор Мұхтар Жұмағазиев.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық пайда болады екен. Ресми деректе сол қалдықтың 9%-ғана қайта өңделеді. Балқаш көлі жанындағы қауіпті қалдықтар 6 мыңға жуық улы конденсатор жатыр. Әскери, өндірістік мақсаттағы көпжылдық іс-әрекет нәтижесінде бүлінген аймақтар, жиналған қалдықтар көп. Оларды заман талабына сай қайта өңдеу және утилизациялау жөнінде депутаттар Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдады.

Елімізде жаңартылатын энергия көздерін, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін дамыту үшін заңнамалық және экономикалық тетіктер жасалып жатыр. Алайда Парламент депутаттарының пікірінше Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындауды қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық актілер әлі де жетілдіруді қажет етеді. «Біз экономиканың экологиялық жағынан заңнамалық қамтамасыз етуді жеделдетуіміз керек. Өйткені, 2020 жылдан бастап халықаралық сарапшылар әлемдік рынокқа жеткізетін кез келген өнімнің экологиялық қауіпсіздігіне мониторинг жүргізетін болады. Енді алдымызда орасан зор, маңызды міндет тұр. Ол Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін жаңа редакциясын қабылдау. Заң жобасы келесі жылы парламентке түседі. Бұл аса маңызды құжат» дейді М.Жұмағазиев.

Парламент Мәжілісінің депутаты Шафхат Өтемісов та экологиялық заң актілерін қабылдаған кезде бұрынғыдай айыптыны жазалау мен айыпқа тарту емес, экологиялық ортаны сауықтыруға қызмет ету керектігін баса айтты.

- Президент Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу кезеңдерін нақты белгілеп берді. Елбасы Жарлығымен бекітілген тұжырымдама бойынша 2020 жылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі – 3%, 2030 жылы – 30%, 2050 жылы – 50% болуы керек. Қазақстанда ЖЭК секторын дамытудың мүмкіндігі көп, - дейді Шафхат Әнесұлы.

Әрине, Қазақстанда көмір қуатын жаңартылатын энергия көздерімен түбегейлі алмастыруға әлі ерте. Бірақ бұл іске ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі үлкен серпіліс берген. Осы Астана көрмесінде тұсауы кесілген 105 жобаны Қазақстанға ендіру бойынша арнайы орталық құрылыпты. «Астанадағы ЭКСПО көрмесі еліміздегі ғылымның дамуына да серпін берді. Қазақстан ғалымдары әлемдік әріптестерімен байланыс орнатты. Елімізде 25 ғылыми жоба жүзеге асу қарсаңында. ЭКСПО алаңы – тың идея мен жаңалықтың қайнар бұлағына айналды. Кеше ғана Microsoft компаниясы Европада ЖЭК 180 МВт жел электр стансаларынан электр қуатын алу жөнінде ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасты. Білесіз бе, дәл осы жел электр стансасының моделі Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде халыққа таныстырылған болатын» дейді депутат Шафхат Өтемісов.

«Үкімет және Қазақстан Республикасы ірі жер қойнауын пайдаланушылар: қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді серіктестік», «Экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды қайта өңдеу және жою сапасын дамыту», «Экология және энергияны үнемдеудің өзекті мәселелерін шешу үшін мүдделі тараптардың келешегі мен өзара тиімді қатынасы» тақырыптарында жасалған баяндамалар мен жарыссөздердің қай-қайсысы да өте өзекті болды. Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы басқармасының төраға орынбасары Арман Қашқынбеков, Қазақстан республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқармасының төрағасы Айгүл Соловьева және басқа спикерлер экология тақырыбының сан түрлі мәселелерін ортаға салды. 

Форум қорытындысында Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, ҚПО және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. «Uralsk Green Forum – 2018» форумының қарары қабылданды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу