Әлем • 25 Мамыр, 2018

Жаһан жаңалықтары. ӘЧ-2018: барлық топта «Барселона» футболшылары бар

794 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«A Bola» басылымы тарқатқан мәлімет бойынша, футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі барлық сегіз топта «Барселона» командасының футболшылары бар. 

Жаһан жаңалықтары. ӘЧ-2018: барлық топта «Барселона» футболшылары бар

«Барселона» футболшылары мына топтарда орналасқан: Луис Суарес (Уругвай, «A»), Андрес Иньеста, Серхио Бускетс, Жерар Пике, Жорди Альба (Испания, «B»), Самуэль Умтити және Усман Дембеле (Франция, «C»), Лионель Месси (Аргентина, «D»), Иван Ракитич (Хорватия, «D»), Марк-Андре тер Штеген (Германия, «E»), Филиппе Коутиньо және Паулиньо (Бразилия, «F»), Томас Вермален (Бельгия, «G»), Йерри Мина (Колумбия, «H»).
Мұндай дерек бұрын-соңды әлем чемпионаты тарихында болмаған. Биыл бірінші рет футбол жанкүйерлері осындай қызықты фактіге куә болып отыр.

Ломаченко чемпиондық белбеуінен бас тартты

Украиналық кәсіпқой боксшы, үш салмақ бойынша әлем чем­пио­ны Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) екінші жеңіл салмақтағы өзіне тиесілі WBO чемпиондық белбеуінен бас тартқанын Top Rank промутерлік компаниясының вице-президенті Карл Моррети мәлімдеді.

Карл Моррети WBO президенті Франсиско «Пако» Валкарсельге Ломаченконың атынан белдіктен бас тартқандығы туралы хат жолдаған. «Құрметті Пако, 12 мамыр күні Ломаченко жеңіл салмақ дәрежесінде көтеріліп, Хорхе Линарестен WBA белбеуін жеңіп алды. Ломаченко карьерасын әрі қарай жеңіл салмақта жалғастыратынын айтты. Сондықтан біз WBO ұйымын құрметтегеннен кейін басқа мықты боксшыларға бос тұрған белбеуге таласуға мүмкіндік беруді жөн санадық», деген Моррретти. 

Айта кетейік, Ломаченко өзінің келесі кездесуін 25 тамыз күні Инглвуд (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында өткізеді. Әзірше қарсыласы белгісіз.

Смит әлем чемпионатының әнұранын орындайды

Голливудтың танымал актері әрі әншісі Уилл Смит Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми әнұранының продюсері және орындаушысы болды, деп жазады Vibe басылымы. 

Ресми әнұранды У.Смиттен бөлек оның әріптесі Ники Жем және ал­ба­ниялық әнші қыз Эра Истрефи орындайды. Жуырда У.Смит өзі­нің инстаграм парақшасына ӘЧ-2018 ресми добын ұстап тұрған су­ре­тін жариялап, астына «Ники Жем – Дипло – Эра Истрефи – Уилл Смит. Жолымыз қосылды. Енді өмірден ләззат алайық» деп жазған болатын.

Ән 25 мамыр күні тыңдарманға жол тартады деп жоспарлануда.

Дайындаған
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше