Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Атырау об­лысында «Астана қаласының мәдениет күндері» өтті

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудың мә­дени өмірі Ас­та­наның 20 жыл­­дығына ар­нал­­ған шаралар­мен то­лы­ғуда. Жер­гілік­ті өнер ұжымдарының концерттік бағ­дарламаларынан бөлек Атырау об­лысындағы «Астана қаласының мәдениет күндері» аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 

Атырау об­лысында «Астана қаласының мәдениет күндері» өтті

Мұнайлы өңір тұрғындары елордадағы мемлекеттік акаде­миялық филармонияның клас­сикалық және эстрадалық вокал бөлімі, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблінің өнерлеріне тәнті болды. Облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен «Астанадан ақ тілек­пен», «Елордадан елге сәлем» атты концерт­тер де атыраулықтарға айрықша көңіл күй сыйлады. 

Жайық жағасын әсем ән­мен тербеген өнерпаздармен қатар қолөнер шеберлері де бұйым­дарын ала келді. Ш.Сариев атын­­дағы көркемсурет және өнер музейіндегі көрмеге отан­дық суретшілердің 100-ден ас­там туындысы қойылды.

Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының бөлім жетекшісі Арай­лым Ра­хым­қызы: «Атыраулық көрер­мен­нің өнерге деген ықыласы шабыт сыйлады. Құрмет-қошеметке риза болдық. Ас­тана мерейтойының қарсаңында барлық өңірлерге гастрольдік сапармен шығуды жоспарладық, ендігі бағытымыз Маңғыстау облысы», – дейді.

Астанадағы Жастар театры да мұнайлы аймаққа келіп, репертуарларындағы мюзикл, сахналық повесть, халық ерте­гісі секілді қойылымдарды атыраулықтардың назарына ұсынды. Елорда төрінде шығар­машылықтарын шыңдап жүрген өнер ұжымда­рының қай-қайсысының да деңгейі жоғары екенін бағам­даған талғампаз кө­рермен оң баға беріп, қошемет көрсетті. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше