Қазақстан • 25 Мамыр, 2018

Демалыс күндері Астанада күшті жел соғып, бұршақ жауады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 26-27 мамыр күндері ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Демалыс күндері Астанада күшті жел соғып, бұршақ жауады

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада 26 мамыр күні күндіз және 27 мамырда тәулік бойы ара-тұра күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа секундына 15-20 метр жел соғады, 26-27 мамыр күндері күндіз жел секундына 25 метрге үдейді.

Сондай-ақ, Ақмола облысында демалыс күндері түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жел соғады, ал күндіз көп жерлерде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Тіпті секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал. Ара-тұра күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 27 мамырда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қатты нөсер жауын жауады.