Қазақстан • 27 Мамыр, 2018

Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының тұрғындары мемлекет басшысының жолдаған  «Сенің жаңа қырың»     челленджін қолдады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

Флешмоб облыстық Драм театр алаңында өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мен спортты дамытуға  бағытталған.

Таңғы жаттығуға  2000-нан астам қала тұрғыны қатысты. Кең көлемдегі  «Сенің жаңа қырың»  спорттық шарасы  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Атырау облысында өткізіліп отырған алғашқы республикалық флешмоб.

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, бір уақытта республика бойынша таңғы жаттығу гимнастикасы өткізілді. Ауқымды шара  Ақтау, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент, Петропавл және Өскемен қалаларынан арнайы Астана қаласына тікелей телекөпір арқылы көрсетілді. 

- Бүгінгі таңғы жаттығу гимнастикасына Атырау жұртшылығы үлкен ат салысып, қатысып жатыр. Осы шараның басты мақсаты аймақтағы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын ұстану. Өңірімізде тұрғындардың 27.5 пайызы бұқаралық спортпен  шұғылданады,-дейді Атырау облыстық дене шынықтырк жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенің жаңа қырың»      атты ауқымды акцияны бастады. Онда президент қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырып, әрқайсысына мысал көрсеткен болатын.