Сирия соғысының соңы қашан?!.

Бүгінде жаһанды алаңдатқан күрмеуі қиын проблема­лардың басында Таяу Шығыстағы ауқымды соғыс ошағына айналған Сирия түйткілі тұр. Шам еліндегі жеті жылдан асқан лаңда 353 935 адам соғыс өртіне шарпылып, ажал құшты. Оның 20 мыңы әлі оң-солын танымаған жас балалар болса, 106 мыңы бейбіт тұрғындар. Бұл туралы жуырда France Press ақпарат агенттігі Сирияның адам құқықтарын сақтау мониторингі орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Егемен Қазақстан
28.05.2018 7683

2017 жылдың наурызындағы деректер бойынша, Сирияның ІЖӨ-сі 50 пайызға қысқарып, елдің экономикалық шығыны 275 млрд долларға жуықтап, әбден тұралап қалды. Мамандардың айтуынша, Шамдағы соғыс аяқталған жағдайда ел экономикасын қалпына келтіру үшін 10 жылдан 15 жылға дейін уақыт қажет болады екен. Міне, зардабы осыншалықты ауыр соғысты тоқтатуға көптеген тараптар күш салуда. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауатты саясатының нәтижесінде Қазақстанның бітімгерлік позициясы БҰҰ-ның Сириядағы қақтығыстарды реттеуі үшін сәтті қадам жасауына алғышарт жасап берді.

Таяу Шығыс елдерін ғана емес, бүкіл әлемдік қоғам­дастықты алаңдатып отырған Сирия мәселесін шешуге Қа­зақстанның ара ағайын болуын қалаған Ресей, Түркия және Иран мемлекеттерінің бас­шылары Қазақстанның халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісіндегі мол тәжірибесін ес­кере отырып, былтыр Ел­ба­сы Н.Назарбаевқа арнайы ұсыныс жасады. Бұл ұсы­нысты құп­таған ресми Астана екі жыл бойы 9 раунд­­қа созылған келіс­сөз­дерді жоғары деңгейде ұйым­дас­тырды. Еліміз кездесуге қа­тысатын тараптың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қа­ты­нас жасағандықтан, Астана про­цесі раундтары­ тың­ғы­лық­ты, жүйелі әрі нәти­желі өтті. 

Биылғы 14-15 мамырда Астанада өткен Сирия келіс­­сөздерінің соңғы тоғы­зын­шы раундынан соң Қа­зақ­стан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Си­рия­­дағы саяси жағдай жөнін­дегі кезекті отырысына қатыс­ты. Осы жиын барысында БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкі­лі Стаффан де Мистура Қауіп­сіздік Кеңесінің мүшелеріне Астанада өткен сирияаралық келіссөздердің тоғызыншы раундына өзі қатысқанын жет­кізіп, жиын барысында деэс­калация бойынша, әсіресе Идлиб мәселесіне қатысты нақ­ты пікірталастардың орын алғандығына риза екенін айтты. Дипломат сирияаралық келіссөздердің нәтижелерін Сирия оппозициясы мен үкі­меті ұстанымдарын жақын­дастыру тұрғысында өте пай­далы болды деп танып, кез­десуді жоғарғы дең­­гей­де ұйымдастырған Қа­зақ­стан басшылығына алғысын білдірді. Бұл 9-раунд нә­ти­жесінде Иран, Ресей және Түркия Сирия Араб рес­пуб­­ликасындағы әскери ұрыс қимылдарын тоқтату режі­мінің кепіл мемлекеттері ре­тін­де елдің егемендігін, тә­уел­сіздігі және аумақтық тұтас­тығын растай отырып, оларды бұзатын және алдағы уа­қытта Астана алаңында қол жеткізілген жетістіктерге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге назар аударды. Деэскалация аймақтарын құру уақытша шара екенін және олардың Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына нұқ­сан келтірмейтінін атап өт­ті. Дегенмен БҰҰ ҚК «Әл-­Каида» немесе ИЛИМ/ДАИШ-пен байланысы бар деп танылған топтар мен ұйым­дар­ды Сирия аумағынан түп­кілікті жою мақсатында елдегі терроризмге қарсы кү­рес­ті жалғастыра бермек.

Сәл шегіне сөйлесек, 9- раун­ды өткен Астана проце­сінің әр раундына Сирия же­рінде соғысып жатқан бар­лық қарулы топтар өкіл­дері келмесе де, ықпалы зор ірі топ­тардың өкілдері қатыс­ты. Түрлі ұсақ отрядтар мен қару­ланған топтардың біріккен коалициясын құрап отырған олардың көпшілігі сырттан қолдау көріп отыр. Мысалы, Оңтүстік майдан 50 отрядтан құралған. Оның қатарында 25-тен 45 мыңға дейін қарулы әскер бар. «Ахрар әл-Шам» қа­тары 25 мың адамға дейін жетсе, «Джейшул әл-ис­лам» қатарында 25 мың көтері­лісші соғысып жүр. Өзге топ­тардағы адамдар саны 1-5 мыңға дейін жетеді. Бұл сан­дар да тұрақты емес, үне­мі өзгеріп отырады. Ал Ас­тана процесіне қатысқан оп­­позицияға қарасты топтар Түркиямен шектескен ай­мақ­тағы бөлінген зоналар­ды, Дамаск маңайы, Идлиб және Хам провинция­ла­рын бақылауында ұстай­ды. Сондықтан Астана про­це­­сі алғашқыда тұтас Си­рия­дағы жағдайды реттеу­ге емес, алдымен дэскала­ция аймақтарын құрып, аймақ­тағы ушығып кеткен дағдарыс пен зорлық-зомбылықтың деңгейін төмен­детуге сеп болды. 

Қазақстан ұсынған келіс­сөздер алаңында Сирия дағ­дарысын реттеу аясында 4 деэскалация аймағы құ­ры­­­лып, атысты тоқтату ре­жі­міне мониторинг жасау тетіктері жасалды. Бұл шаралар соғыс өрті шарпыған аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуге біршама ықпалын тигізді. Сондай-ақ соғыс өртін тоқтатуға әкелетін кейінгі қа­дамдарға түрткі болды. Сөй­тіп, еліміз бітімгерлік ба­ғы­тында өзіне жүктелген мін­детті абыроймен атқарып шық­ты. Астана процесінің әр раунды жүздеген мың си­рия­лықтың өмірінде игі өз­геріс­термен ұштасатын нәти­же­лер беріп отырды. Бүгінде ел­дегі жанжалдың ауқымы мен қарқыны едәуір азайды, сондай-ақ Сирия халқына гу­манитарлық жәрдем жеткі­зу үшін қолайлы жағдай жасалуда. 

Десек те, Шам қаласын­да жарылыстар әлі орын алу­да. 18 мамыр күні Сирия астанасынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Хам қаласындағы әуе базасында 5 бомба бірінен соң бірі жарылып, оны бұрын атауы белгісіз «Сарайя аль-Джихад» тобы ұйымдастырғаны мәлімделді. Абырой болғанда әуе базасында орын алған күшті жарылыстан қызметшілер зардап шекпеген, дегенмен үкіметке тиесілі жергілікті әскери қару-жараққа толы төрт қойма өртеніп кетті. Дәл осы кезде Дамаскінің оң­түстігін бақылауда ұстаған ИЛИМ/ДАИШ террорлық тобының содырлары аймақты босатуға келісті. Сирия үкі­ме­тімен арадағы келісім бо­йынша, содырлар Ярмук және Хаджар Аль-Асваде ла­герь­леріндегі шебін тастап, Сирияның шығысындағы Бадияға көшіп жатыр. Сөйтіп Дамаск соңғы 7 жыл ішінде алғаш рет қандай да бір террорлық әскери топтардан толық тазарып отыр. Осының алдында Сирия үкіметі Ярмук аймағының шығыс бөлі­гіндегі билігін қайтарып, Хомс провинциясының шы­ғы­сындағы 4 елдімекенді ел бақылауына қосты. Бұл жа­ғымды оқиғалар легі Астана процесі, Женевадағы бейбіт келіссөздерден кейін орын алуда. 

Жуырда Сирия президенті Башар Асад Дамаскіде өткен Ресей делегациясымен кездесу барысында тұралап қал­ған ел экономикасының соғысқа дейінгі қалпына келуі үшін кемінде көлемі 400 млрд доллар қаражат ке­рек екенін айтып өтті. Ол Ресей делегациясымен рес­ми кездесуінде елінің ин­фра­құрылымын қалпына келтіру кезек күттірмес мә­се­ле екенін, оған кемі 10-15 жыл уақыт кететінін жет­кіз­ді. Сондай-ақ елде мұ­най-газ саласында батыс компания­ларының жұмыс істегенін қаламайтынын білдірді. 

Сирия президенті Ба­шар Асад соғыстан кейін елді қал­пына келтіру жұмыс­та­рына Ресейден бөлек Қытай елін де «қолай көретінін» бұ­ған дейін түрлі жиындарда мәлімдеп жүр. Себебі со­ғыс өтіп жатқан 7 жыл ішін­де Қытай Сирияның ірі сау­да әріптесіне айналып үлгерген. Нәтижесінде қа­зір­­гі күні Сирияның бү­кіл сырт­қы саудасының 80 па­йыз­ы Қытай еншісіне тиесілі. Оған қоса Қытай был­тыр Сирияға қосымша 6 млрд доллар инвестиция ұсы­ныпты. Ал Сирияның теле­ком­­муникациялық инфра­құ­рылымын қалпына келтіру қытайлық алпауыт компания Huawei-ге сеніп тапсы­рылды. Мысалы, үкімет әс­керінің бақылауындағы Хам провинциясында шағын аяқ киім фабрикасы елдегі со­ғыс жағдайына қарамастан жұ­мысын тоқтатпай, өз өнім­дерін Йемен, Ливия, Судан, Ливан және Ирак елдеріне экспорттап келеді. Фабрика басшысы Абдул әл-Муди Қытайдың CCTV мемлекеттік телеарнасына соңғы жеті жыл бойы шикізат пен жабдықты Қытайдан жеткізетінін айтып сұхбат берді. 

Ал жуырда Шығыс Гута­дағы Дума қаласында ашыл­ған жабық базар және шағын наубайхана орталығы бұл қаланың да қалыпты тіршілік қалыбына түскенін көр­сетеді. Базар директоры Кади Лофаридің айтуын­ша, сатып алушылар өздеріне қажетті азық-түлікті Дамасктегі баға­дан да төмен бағамен сатып ала алады екен. «Біз халық­тың соғыстан әбден қал­жырағанын, қатты жапа шек­кенін білеміз. Мұндағы ба­ғалар көтерме бағамен бір­дей қойылып отыр», деді ол. Ал наубайхана дирек­торы Мухаммад Хатиб нау­­байхананың үлкен жүк авто­көлігінің ішінде орналас­қанын, сондықтан кез келген жерде тоқтап, ашқұрсақ адамдарды тамақтандыруға мүмкіндігі бар екенін жет­кіз­ді. Міне, қи­рандыға айнал­ған қалаларда тіршіліктің эконо­микалық даму сипаты біртіндеп жүйе­сіне келе бас­тағаны Сирия жағдайының қалыпқа түске­нін аңғарт­қандай. 

2011 жылдың көктемінде Башар Асадтың басқару ре­жіміне қарсы басталған жер­гілікті азаматтық қарсылық кейін ұлғайып, мемлекет шеңберінен шығып, түрлі ық­палды әлемдік ұйымдар мен аймақ елдері және әлемдік дер­жавалар кіріскен соғыс лаңына ұласты. Билікке таласқандардың іс-әрекетінен зардап шеккен Сирия халқы бейбіт өмірді аңсап, басы ауған жаққа жөңкіле көшті. 

Ресми деректерге сүйен­сек, біртұтас ел болған Си­рия­ны бүгінде ұзын саны 45 мемлекет пен ірілі-ұсақты ұйым өз талаптарын қою арқылы бөліктерге бөліп, билеуге талпыныс жасау­да. Ауызбіршілігі жойылып, басынан бағы тайған Шам халқы көрші елдерге босып, бас сауғалауға мәжбүр болып отыр. Олардың ішкі мигра­цияда есепсіз жүргендері қан­шама. Халықаралық үлкен басы­лымдардың бетінен түс­пейтін Сириядағы соғыс тақырыбы бүгінге дейін не­ше түрлі ракурстан жария­ланды. Бұл елдің қасіретін түсіну үшін Сирия соғысын суреттерінде сөйлеткен «Associated Press» фотографы, иорданиялық Мухаммед Мухей­сеннің Инстаграм же­лі­­сіндегі лентасын көріп шы­ғуға кеңес береміз. Оның «соғыс және бейбіт өмір» та­қы­­­рыбында жариялаған су­рет­тері көрген адамды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Бақытты балалық ша­ғын аңсап, бомбадан қаш­қан еңбек­теген баладан, еңкейген қартқа дейін фото­граф назарынан тыс қалма­ған. Аянышты... Обал... Ал біз қирандылар мен тас-тал­қаны шыққан үйлерді бомба мен минадан тазартып жатқан біріккен әскери күш­тердің талпыныстары, түрлі деңгей мен түрлі алаң­дардағы келіссөздер Сирия соғысының соңын бір табан жақындата түсуде деген ойдамыз. 

Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу