Қазақстан • 28 Мамыр, 2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2019-2020 жылғы маусымның УЕФА Суперкубогы Португалияның «Драгау» стадионында өтетін болды. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) хабарлады. 

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

Мұндай шешім 24 мамыр күні Киев қаласында өткен УЕФА-ның атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. 2020 жылғы УЕФА Суперкубогін қабылдауға сегіз ел үмітті болған еді. Португалиядан бөлек өз ұсыныстарын Алматы (Қазақстан), Албания, Беларусь, Израиль, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Франция өткізген.