Парламент • 28 Мамыр, 2018

Сенатор С.Бектұрғанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясына қатысты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Женевада өткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 71-сессиясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Сенатор С.Бектұрғанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясына қатысты

Шара барысында С.Бектұрғанов «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қауіпсіздіктегі парламентшілердің рөлі» деген тақырыпта сөз сөйледі. Ассамблеяға қатысушылар азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстардағы Қазақстанның күш-жігеріне жоғары баға берді.

Сессия барысында барлық елдерге арналған жалпыға бірдей дәрігерлік қызмет көрсетулермен қамтуды ұйымдастыру мен баршаның денсаулыққа қол жеткізуіндегі Медициалық-санитариялық алғашқы көмек көрсету туралы Алматы декларациясының маңызды рөлі аталып өтілді.

Шара қортындысы бойынша С. Бектұрғанов техникалық брифингке қатысты. Сенатор өз сөзінде халықаралық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы секілді халықаралық ұйым алаңдарына парламентшілердің белсенді түрде атсалысуы халықты дәрігерлік көмектің шамадан тыс шығандарынан қорғаудағы саясаткерлер мен ел басшыларының қолдауын күшейтуге мүмкіндік береді.